Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Интимдік видеоны жариялаймын деп қорқытқан: Түркістан облысының тұрғыны жасөспірімді бопсалап келген

Түркістан облысының тұрғыны жасөспірімді интимдік видеосы үшін бопсалаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Polisia.kz ақпараты бойынша, Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғындардың бірі шағымданып, маусым айынан бері кәмелетке толмаған қызынан белгісіз бір әйелдің ақша бопсалап жүргенін айтқан. Яғни бопсалаушы жасөспірім қыздың интимдік бейнесін әлеуметтік желіде жариялаймын деп қорқытқан.

"Осыған байланысты бүгінгі күнге дейін күдікті жәбірленушілерден миллион теңге жымқырған. Полиция қызметкерлері бұл жайтты ҚР ҚК-нің 194-бабы (Бопсалау) бойынша СДТТБТ-не тіркеді. Күдіктінің жеке-басын анықтау мақсатында Жетісай АПБ-нің криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді" - делінген хабарламада.

Жүргізілген шаралардың нәтижесінде, полицейлер күдіктіні жәбірленушіден 120 мың теңге бопсалап жатқан жерінен ұстады.

Ұсталған азамат Мақтаарал ауданының тұрғыны болып шықты. Айғақты зат ретінде ақша мен бейнематериалдар тәркіленіп алынды.

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы қолхатта. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтауда.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 26 Тамыз, 2020 14:36
Талқылау