Мақсат Толықбай "Қазақстан халқына" қорына мүше болып сайланды
"Қазақстан халқына" қоғамдық қоры қамқоршылық кеңесінің мүшесі болып мәжіліс депутаты, белгілі журналист Мақсат Толықбай сайланды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қордың мәліметінше, жиында "Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды роботтандырылған құралдармен (экзоскелетпен) қамтамасыз ету" қайырымдылық бағдарламасын іске асыру мерзімі 2023 жылға ұзартылды.
Сонымен қатар, отырыста қамқоршылық кеңестің мүшелігіне Мәжіліс депутаты, ҚР Президенті жанындағы ұлттық құрылтай мүшесі, қоғамдық-саяси, әлеуметтік мәселелерді көтеріп жүрген белгілі тележүргізуші және журналист Мақсат Толықбай сайланды.
Айта кетейік, Мақсат Толықбай "Халық сүйіктісі – 2020", "Адал тұлға – 2021", сондай-ақ "Үздік тележүргізуші-2016, 2019" сынды байқаулардың жеңімпазы.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн