Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мақсат еттім": Ерке Есмахан қашан босанатынын айтты

Фото: https://www.instagram.com/erke_esmahan/

Эстрада жұлдызы Ерке Есмахан жүктілік кезеңінен фото жариялап, желі қолданушыларына жақын күндері босанатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі бақытты ана екенін жеткізді. 

"Пейіліңе қарай пейішің! Мен өзімді осы жасымда дәл осындай статуста боламын деп мақсат еттім. Міне, Аллаға шүкір, арманым орындалған жанмын. Өнерде жолым болып, еліме еркелеп жүрген әншімін. Сүйіктімнің сүйіктісі, шаңырағымыз сәбилердің күлкісіне толған ата-ана, жанұямыз. Аллаға сансыз шүкір айтамын! Жүрек тыныштығын, жан мен тән үйлесімділігін тапқаным ол менің ақ ниетіммен, көп нәрсеге сабырлықпен қарап, тоқтаусыз еңбегімнің жемісі деп білемін. Менің өмірімдегі барлық ғажайыптар сіздерге де жұғысты болсын. Осындай жүрекжарды пост жазғым келді. Соған қарағанда іңгәләп бөпетайымыздың өмірге келуіне санаулы күндер қалды-ау", – деп жазды әнші.



Еске салайық, өнер иесі жүкті кезінде күйеуінен неше түрлі сыйлық алып жүргенін көрсеткен еді.

“Күнде күйеуіме бекер дәмді тағамдар дайындап жүрген жоқпын. Бриллианттардың ортасына алып келді. Түрлі түсті тастары бар жүзікке қызығып жүр едім. Көздің жауын алатын тастар екен. Өзіме изумруд тасы бар жүзік ұнап тұр. 14 карат екен”, – деп жазған еді әнші.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 11 Маусым, 2025 09:46
Талқылау