Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал украиналық әнші Макс Барских Ресейде әндерін пайдалануға тыйым салды

"Украинада соғыс ұйымдастырған елде әндерімнің шырқалғанын қаламаймын". Танымал украиналық әнші Макс Барских Ресейде өз әндерін пайдалануға тыйым салды. Сондай-ақ ол концертіне билет сатып алған ресейліктердің ақшасын кері қайтарудан бас тартты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Менің әндерімді кез келген форматта РФ аумағында қолдануға ресми түрде тыйым саламын. Барлық радиостанцияларға, телеарналарға, саундтрек ретінде қолданылған фильмдер мен сериалдарға қолдануға болмайды. Украинаға соғыс ашқан елде әндерімнің шырқалғанын қаламаймын", – деп жазды Барских Instagram-дағы парақшасында.

Сондай-ақ Барских РФ-ның цифрлық кеңістігінен  өз әндерін толық алып тастайтынын мәлімдеді. Ол барлық украиналық әншілерді өзіне қосылуға шақырды. 


Дәрігер Комаровский: Қазақстанның болашағы қазір Украинада анықталуда


Бұдан бөлек, 32 жастағы әнші Ресейде жоспарланған барлық концерттерін болдырмай тастап, ән кешіне билет сатып алған ресейліктердің ақшасын кері қайтарудан бас тартты. Қаржы Украинаға гуманитарлық көмек ретінде жұмсалатынын мәлімдеді.

Назгүл Әбушәріпқызы
Жұма, 11 Наурыз, 2022 16:44
Талқылау