Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Макронның Давостағы форумда таққан көзілдірігі өндіруші компания акцияларын 4 миллион долларға арттырды

Фото: globalbankingandfinance.com

Франция президенті Эммануэль Макрон Давостағы көрмеде күннен қорғайтын көзілдірік тағып, кездейсоқ компания акцияларын 4 миллион долларға (2 015 880 000 теңге) арттырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Global Banking and Finance Review басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Макронның Давоста өткен Дүниежүзілік экономикалық форумда таққан күннен қорғайтын көзілдірігі күтпеген жерден оны өндіретін компанияның акцияларының өсуіне себеп болды. Қара көзілдірік таққан француз көшбасшысының видеосы әлеуметтік желіде жедел тарап, инвесторлардың назарын аударды. Соның нәтижесінде элиталық Henry Jullien брендіне иелік ететін iVision Tech компаниясының акциялары 22 қаңтар күн шамамен 28%-ға қымбаттап, нарықтық капитализациясы 3,5 миллион еуроға (шамамен 4,1 миллион доллар) өсті.


Макрон ғана емес: Трамптың тікұшақта әйелімен сөзге келіп қалған сәтінің видеосы тарады


Франция президенті Макронды әйелі бетінен шапалақпен салып жіберген (видео)


Компания өкілдерінің мәліметінше, президент Макрон бағасы 659 еуро тұратын Pacific S 01 моделін таққан. iVision Tech-тің бас директоры Стефано Фульчир Reuters агенттігіне берген пікірінде: “Бұл акцияларға сөзсіз әсер етті”, деді. 

Әлеуметтік желіде Франция президентінің бұл видеосы түрлі мемдер мен әзілдерге арқау болды. Көпшілік оны Топ Ган фильміндегі Том Круздың образымен салыстырды. Талқылауға саясаткерлер де қосылып, тіпті АҚШ президенті Дональд Трамп та Макронның стиліне қатысты пікір білдірді.

Ал Франция президентінің әкімшілігі Макронның көзілдірікті медициналық себептерге байланысты таққанын айтты. Олардың мәліметінше, президент көзіндегі қан тамыры жарылған соң, оны қорғау мақсатында көзілдірік таққан. Алайда нақты бренд ресми түрде расталмады. Соған қарамастан, Стефано Фульчир бұл көзілдірік Henry Jullien-нің өнімі екенін айтып, оны Макронға 2024 жылы өзі жібергенін мәлімдеді.

Милан биржасында саудаланатын iVision Tech акциялары алдымен 6%-ға өсіп, кейін сауда автоматты түрде тоқтатылды. Акциялардың бағасы тым тез өсіп кеткендіктен, олар уақытша тоқтатылды. Нәтижесінде компания үшін бір күн ішіндегі ең үлкен баға өсімі тіркелді.

Осыдан кейін желіде түрлі мемдер пайда болды. 

Макрон көзілдірік

Айта кетейік, бұған дейін Францияда Брижит Макронды "трансгендер" деп айыптаған он адам сотталғаны туралы жазған едік. 

Жұмаділлә Нұрила
Жұма, 23 Қаңтар, 2026 12:50