Марк Цукерберг 3 млрд долларын қайырымдылыққа берді
Facebook-тің негізін қалаушы Марк Цукерберг пен оның әйелі Присцилла Чан алдағы он жылда медициналық зерттеулерді қаржыландыруға өз қаражаттары есебінен 3 млрд. доллар беруге міндеттеме алды.
Ерлі-зайыптылар өткен жылы желтоқсанда қыздары Макс дүниеге келгенде Chan Zuckerberg Initiative қайырымдылық қорын құрған болатын.
Ол кезде Цукерберг компаниядағы өзіне тиесілі акциялардың 99%-ын қайырымдылыққа беретінін жариялаған еді.
Олардың дәулетінің шамамен 45 миллиард доллары алдағы уақытта денсаулық сақтау мен білім беруді жақсартуға, теңсіздікпен күресуге бағытталады.
Жіберіп алмаңыз:
Әлемде алғаш рет бас алмастыру отасы жасалды (видео)
Талқылау