Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемде алғаш рет бас алмастыру отасы жасалды (видео)

Итальяндық нейрохирург Серджо Канаверо (Sergio Canavero) жануарлардың (ит пен тышқан) бастарын ауыстырып, ота жасаған видеосын ғаламторда жариялады.

мышь

Бұл туралы Gizmodo сайты хабарлаған.

Дәрігер жануарлардың басын түгелдей кесіп алып тастаған жоқ. Ол тек мойын омыртқасын кесті. Канаверо өз жұмысында полиэтиленгликольді қолданғанын айтты. Оны дәрігер арқа омыртқасының зақымданған жерлеріне жаққан. Осылайша мыңдаған нейрондардың арасындағы байланыс қалыпқа келтірілген.

Тәуелсіз мамандардың пікірінше, бақылау тобы мен жануарлардың омыртқасының зақымданғанын дәлелдейтін нақты мәліметтердің жоқтығы аталмыш эксперименттің құндылығын төмендетіп отыр.

Канаверо бұл тәжірибені нейродегенаративті ауруға шалдыққан ресейлік бағдарламашының басын ауыстыруға дайындық барысында жасаған. Алайда мұндай отаның сәтті іске асатынына ешқандай дәлел болмай отыр.

Видео: surgicalneurologyinternational.com

Жіберіп алмаңыз: 

Жаңа Зеландиялық әйел мысықтан сөмке жасап шу шығарды (фото)

Ғалымдар: фильм көру ауруды басуға көмектеседі

Бангладеште бір басты сиам егіздері дүниеге келді (видео)

Талқылау