Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мақпал Жүнісова “Зың-зың” әнінің авторынан кешірім сұрады

Мақпал Жүнісова “Зың-зың” әнінің авторы қайтыс болған соң кешірім сұрады.

“Жаз айында біздің Астанада берген концертте тамаша ән салып еді Болатжан,өмірден осылай жас озарыңды кім білген, кеше ғана сол концертті көріп отырып, жақсы айтады екен деп қуанып отырдым, иманың саламат болсын, “Зың-Зың” әнін сіз жазды деп естімеппін, артық айтсам, кешірерсіз”, – деп жазған атақты әнші марқұмның ән салған сәті түсірілген видеоны жариялады.

“Біз қазақ эстрадасын қалыптастыру жолында біраз еңбек еткен әншілерміз. Жастар біздің артымыздан еріп, жақсы әуенмен келе жатыр еді. Аяқ астынан осындай мінеки, Еуропаның, Африканың музыкасы келе бастады. Қара нәсілділердің жаңа ритмді музыкасын алып, оған қазақша сөзді қалай болса солай қояды. Не өлең енді “зың-зың-зың, дың-дың-дың”, “жоқ-жоқ-жоқ”? Ол ұрпақты неге тәрбиелейді? Біздің ұлы ақындарымыз Тұманбай Молдағалиевтің, Мұқағали Мақатаевтың, Фариза Оңғарсынованың, Қадыр Мырза Әлидің, Исраил Сапарбаевтың сөздеріне жазылған әндер қайда қалды?” – деді ашынған Халық әртісі.

Әнші Серік Ибрагимов қайғылы хабарды елге хабарлап, “Зың-зың” әнінің авторы Болат Нұрымовтың көз жұмғанын естіркен еді. Кейіннен әншінің неден қайтыс болғаны белгілі болды.

Тағы да оқыңыз:

Мәдениет қайраткері: Тұрсынбек Қабатовтың өзі қазақтың тілін мазақтап тұрғанына парасаты жетпей ме?

Егіз қыздардың әкесі атанған әнші Айбар достарымен бірге жарын перзентханадан шығарып алды (видео)

Ермахан Ыбырайымов жас келіншегінің жүрегін қалай жаулағанын айтып берді

Талқылау