Мақпал Жүнісованың рөлін сомдаған актриса Халық әртісінен кешірім сұрады
"Отыздан асып барамын" фильмінде Мақпал Жүнісованың рөлін сомдаған актриса Малика Қалдарбек Халық әртісінен кешірім сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әншінің рөлін сомдаған актриса Малика Қалдарбек аталған жайттан хабарсыз болып шықты. Ол Мақпал ханымның образын қолынан келгенше сомдап шыққанын айтып, әншіден кешірім сұрады.
- Кездесіп жүрген жігітімнің көзін құртты: Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің махаббаты туралы айтты
"Мақпал апай – қазақтың ерке қызы. Қазақ тарихында орнын ойып алып тұрған тұлға. Ол кісінің ренжігенін естіп, көңілім босап тұр. Мен білмедім, керісінше қазақтың біртуар қызының рөлін берді деп қуанып, актрисалық карьерамдағы ең үлкен белестердің бірі деп қабылдап едім. Сіздің білмегеніңізден хабарым жоқ еді. Айтқандарыңызға келісемін, айыпқа бұйырмаңыз. Бірақ сіздің образды қолымнан келгенше ұятқа қалдырмай сомдап шықтым шығуға тырыстым. Сізге деген құрметім шексіз! Жастығым шығар, бір ауыз алдыңыздан өтпегенім", - деп жазды ол Instagram-да.
Өмірі ауруханаға бармаған 100 жастағы ата ұзақ өмір сүрудің құпиясын айтты