Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шетелде оқығысы келеді: Мақпал Жүнісованің қызы сыртқа кетуге дайындалып жүр

Халық әртісі Мақпал Жүнісованің қызы Мерей Заманбекқызы шетелде оқуға дайындалып жүр. Бұл туралы НТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мақпал Жүнісованің қызы: Дипломат боламын деп шештім

Халық әртісі қызын өзінен алысқа жібергісі жоқ, дегенмен Мерей шетелде оқуды армандап жүр екен. Тіпті шетелдегі оқу орындары құжатын қабылдап, оқуға алуға дайын. Алайда бәрі нақты емес. 

"Қызым жақында ғана мектеп табалдырығын аттаған сияқты еді, қазір 11-сыныпты бітіргелі жатыр. Өзі география мен ағылшын тіліне дайындалып жүр. Мен бастапқыда шетелге рұқсат бермегем. Бірақ ол жақтағы ағайын-туыстарым бар. Маған Мерейді шетелге жібер деп ақыл айтып жатыр. Дегенмен мен әлі де рұқсатымды берген жоқпын. Уақытымен көрерміз", - деді Мақпал Жүнісова, 

Қызы Мерей дипломат болғысы келетінін ашық айтты. 

"Екі пән бойынша дайындалып жатырмын. Кімнің шетелде оқығысы келмейді дейсіз. Ешнәрсе шешілген жоқ. Бірақ мен бала кезімнен шет тілдерін ұнатамын. Сондықтан дипломат болсам деймін", - деді Мерей.

"Бірбеткей мінезім бар": Құралай Нұрқаділова қиналғанда неге әкесінен көмек сұрамағанын айтты

Талқылау