Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мақпал Жүнісоваға Болат Назарбаев көлік сыйлады

 Мақпал Жүнісова Шымкент қаласында “Аналарға тағзым” атты концертін өткізді. Əнші сахнада тұрып, ағынан ақтарылып, халыққа сырын жайып салды. Ол тыңдармандарына өзіне “біреулердің” қысым көрсетуі әлі жалғасып жатқанын ашық айтты,-деп жазды өңірдегі  Stan.kz  сайтының тілшісі.

әншіііі

“Сондықтан өзіме Алладан сабыр сұрап жүрмін”, – дейді əнші.

Сондай-ақ, Жүнісова “120 мың теңге жалақысы жетпейтінін, той-томалақпен күн көріп жүргенін” де айтып қалды. Оған қызы Мерейдің өкіл əкесі Болат Назарбаев қаржылай қолдау көрсетіп тұрады екен. Жақында ғана астындағы көлігін жаңалап беріпті.

Əрбір концертін əжелердің ақ батасын алумен бастайтынын айтып, әнші тыңдармандары арасынан бата сұрады. Мақпал Жүнісованың бұл ниетіне сүйсінген əжелер де жауапсыз қалмады. 90-ға келген əже оған орамал жауып, өзіне, қызына ақ батасын берсе, қажыдан жаңа қайтқан тағы бір көрермен апа тасбих пен жайнамаз сыйға тартты.

Әнші  тыңдармандары əкелген құшақ –құшақ гүлдердің астында қалды. Олардың арасында əдеттен тыс тарту əкелген тағы бір қонақ болды. Ол сүйікті әншісіне бір сөмкеге толтырып,өзі жасаған үйдің құртын əкеліпті. 40-тар шамасындағы əйел төрт баланың анасы екен.

Мақпал Жүнісова айлығы өзіне жетпегендіктен, тойға, концерттерге шығып ақша табатынын жасырмайды. Оның сөзіне сенсек, әншіні сырттай танитындар оның Алматыдағы үйіне келіп, көмек сұрайды екен. Тіпті ондай жағдай жиі қайталанып тұрады екен.

Оқи отырыңыз:

Мақпал Жүнісова екі келініне екі көлік сыйлады

Анасына ән арнаған Мақпал Жүнісованың қызы көпшілікті тәнті етті (видео)

Алматылық зейнеткер немересін нағашы атасы мен жездесі қорлап келгенін айтып ашынды

Эстрада жұлдыздары наурыз көже әзірлей ала ма?

 

Талқылау