Мақпал Жүнісова екі келініне екі көлік сыйлады

Дүйсенбі, 13 Ақпан , 2017 17:18

Былтыр ғана 32 мың долларға анасының сексен жасын тойлатқан Мақпал Жүнісова екі келініне де көлік сыйлапты.

жунусова

Бұл туралы әншінің өзі Stan.kz  сайтының тілшісіне берген сұхбаты барысында айтып қалды.

«Анам жаяу жүрмесін, апар деген жеріне апарып тұрыңдар деп екі келініме де көлік әпергенмін»,-дейді әнші.

Халық алдында еркелеп жүрген ерке қыз келіндерін де барынша еркелетуге тырысады екен. Өйткені, ұрпақ жалғап, қарт анасына қарап отырған сол еркетайлары көрінеді.

«Қыздардың бәрі тарап-тарап кетті. Анамызды бағып, қағып отырған сол келіндер. Сондықтан да, оларға ешқашан дауыс көтермейміз. Анамыздың жасын жүзге жеткізіңдер деп бір ақ ауыз сөз айтамын барған сайын» деп ағынан жарылды Мақпал Жүнісова.

Сонымен қатар, Қарағандыда тұратын қарт анасына ай сайын ақша беріп отырады. Өйткені, 13 құрсақ көтерген батыр ананың зейнетақысы не бары 30 мың теңге екен.

«Мен енді бәрін өзім беріп отырамын. Не ішем, не жейм демесін деп. Өйткені, менің анамның пенсиясына күн көру мүмкін емес. 30 мың теңге Құдай-ау. 13 құрсақ көтерген алтын аналарымыз не көрмеді? 200 мыңға жеткізсе қандай керемет болар еді»,-дейді әнші.

Әнші есеп беру концертімен ел аралауды жоспарлап қойыпты. Тек, наурыз айында аналарға арналған кешінен соң. Бірақ, өз кешінде әншінің қызы  Мерейі сахнада емес, залда отырады екен. Өйткені, ерке қыздың жалғыз қызы өнер жолын таңдамапты.

  «Бұрындары айтқаныңды істей қоятын еді. Қазір есейді. “Мама мен бәрібір әнші болмаймын шықпай -ақ  қояйын” деген соң, тыңдадым қызымды. Баланы шығарғанда көз тиіп кетеді»,- дейді әнші.

Оқи отырыңыз:

Аружан Жазылбекова жанкүйерлерін сексуалды фотосуреттерімен баурап алды (фото)

Димаш Құдайбергеновке қазақ шенділері көмегін аямауда

Қайрат Нұртас бауыры сыйлаған қасқырды көрсетіп мақтанды (видео)

Алматыда өнерсүйер қауым Бекболат Тілеуханның кешін ерекше ықыласпен тамашалады

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар