Мақпал Жүнісова өзіне өмірлік серік іздейтінін жасырмады
Қазақстанның халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова өзіне серік іздейтінін айтты.
Мақпал Жүнісова желідегі парақшасында анасын Меккеге апарған жігіт туралы ролик жариялады. Осы кезде пікір қалдырушыардың бірі “Мақпал апай, қасыңызға серік іздейсіз бе?” деп сұрады.
Оған әнші “Пендеміз ғой, кейде ойлап қоям, бірақ бәрі бекер екенін білем” деп жауап жазды.
Айта кетейік, Заманбек Нұрқаділов 2005 жылы көз жұмғаннан бастап жары Мақпал Жүнісова қызы Мерейді жалғыз өзі тәрбиелеп келеді.
“Əпкетайым, жақсылықтың ерте кеші жоқ дейді. Ешқашан бекер демеңіз.Сіз əйел бақытына лайықты жансыз.Сіздің жаныңыз бен ішкі дүниеңіз сұлу ғой. Аллаһым сізге өмірлік серігіңізді жолығуын нəсіп еткей” деп жазды тыңдармандардың бірі.
Тағы да оқыңыз:
Қызық екен: “Нысана” актері Дәнекер киелі құсты білмей ұятқа қалды
Қытайдың ең бай бизнесмені Димашқа сыйлық берді
11-сынып оқушысы: Ләйлә Сұлтанқызының тікелей эфирдегі сөйлеу этикасы көңілге қона бермейді