Мақпал Жүнісова өзін сынаған журналистке: 35 жыл ерігіп жүрмедік
Бірер күн бұрын белгілі журналист Өмірзақ Ақжігіт елдің ерке қызына айналған Мақпал Жүнісова мен Нағима Есқалиеваны сынға алды. Қаламгер бүгінде сапасыз әншілердің көбейіп кеткенін алға тартып, тіпті ел мойындаған өнер иелерінің өзін әнші деп атауға болмайтынын кесіп айтты.
Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Халық артисі Мақпал Жүнісова өзіне қаратылып айтылған сынға жауап берді.
«Өмірзақ Ақжігіт деген кім? Нағима Есқалиева мен Мақпал Жүнісова әнші емес деп ютуб желісіне салыпты, атың шықпай жүр екен, 8 наурыз қарсаңында апаларыңды жақсы құттықтадың, 35 жыл сахнада ерігіп жүрмедік», – деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.
Желідегілер әншіге басу айтып, журналистің сөзіне мән бермеуге шақырды. “Ең бастысы, сіз біздің жүрегімізден орын алған әншісіз”, – деген тыңдармандардың сөзінен кейін Жүнісова аталған жазбасын өшіріп тастады.
“Жексенбі күндеріңіз жақсы өтсін, кешегі журналистің суретін алып тастадым”, – деп бөлісті ол.
“Өшіріп тастап дұрыс жасапсыз. Сіздің қандай талантты жарық жұлдыз екеніңізді халқыңыз біледі ғой. Әндеріңіз жүрекке жағымды, көңілді көтеріп, тербетеді. Бір сөзбен айтқанда, рахат, ләззат алып демаламыз. Күнде сіздің тілегіңізді 2 рет оқымай жатпаймыз. Рақмет шынайы лебізіңізге, Мерейдің қызығын көріңіз. Сізді сүйіп тыңдап, күнде күтіп отырамыз”, – деп жылы лебізін білдірді Бота есімді желі қолданушысы.
Жіберіп алмаңыз:
Бақытбек Есентаевтың қарындасы ағасы туралы естелігімен бөлісіп, жұрттың жүрегін елжіретті
Баян Мақсатқызы “КешYou тобының қыздарын қалталы азаматтарға сатады” дегендерге жауап берді
Қытайға ұрығымды сатпаймын: Серікбол Сайлаубек намысына тиген журналистпен жаға жыртысты