Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мақпал Жүнісова: Қызым әнді жақсы айтады, бірақ әнші болғысы келмейді

Мақпал Жүнісованың қызы Мерей салтанатты кештердің бірінде анасына арнап ән шырқап, дүйім жұртты сүйсіндірген болатын. Соған қарап жұрт Мерейдің де анасына ұқсаған әнші болатынын болжаған еді. Алайда бірер жылда мектеп тәмамдайтын Мерей Заманбекқызының болашаққа деген жоспары басқа болып шықты.

Фото: Мерей Заманбекқызының желідегі парақшасынан алынды

Бұл туралы “Хит-ТВ” арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

“Мерейім өнерді өте жақсы көреді, әнді де жақсы айтады. Бірақ әнші болмаймын деді. Өзінің қалауы сол. Менің күні-түні, көзімді ашсам да, жұмсам да көретінім өнер. Менің жанымда жүрген соң, әнші болудың қаншалықты оңай емес екенін сезінген болуы керек деп ойлаймын”, – дейді Мақпал Мұхамедиярқызы.

Халық әртісінің айтуынша, қызы Мерей бірнеше тілді еркін меңгерген. Сондықтан да әнші қызының болашағын елшілік қызметпен байланыстырады.

“Өзі тіл жағынан өте жақсы. Әртүрлі тілдерді жақсы меңгеріп жатыр. Сондықтан да болашақта елші ма, дипломат сияқты жұмыстарға баруы мүмкін деп ойлаймын. Негізі ұйымдастырушылық қабілеті де өте мықты. Сыныбында староста, мектепте көптеген шараларға қатысып тұрады. Жалпы білімі жақсы”, – дейді Мақпал Жүнісова.

Қызым үздік оқушы деп мақтанған Мақпал ханым екілік баға алып қалған жағдайда, түсіністікпен қарайтынын айтады. Себебі:

“Ол бәріміздің басымызда болады. Мен де кезінде 2 алғанмын, өлген жоқпын ғой, құрысын”, – дейді ол.

Жіберіп алмаңыз:

Хатико итімен фототүсірілім жасаған Мөлдір Әуелбекова көпшілікті сүйсіндірді (фото)

Асхат Тарғын келіншегі мен ұлын перзентханадан сән-салтанатпен шығарып алды (видео)

Майғазиев: Миллионерлер шетел әншісіне 50 мың доллар беріп, қазаққа 5 мың долларын қимайды

Армандар орындалады: Димаш Құдайберген жаңа жеңісі туралы айтты (видео)

Талқылау