Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жүнісова күзетшілерді тексеру үшін, үйіне шабуыл жасалды деп қоңырау шалған

Кезінде Мақпал Жүнісова марқұм жарының құрметіне өз үйінен мұражай ашты. Қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің заттарын ел көрсін деген ниетпен есігін елге айқара ашқан Халық әртісі кейіннен оны жауып тастаған. Себебі қарақшылар Жүнісованың ақкөңілдігін пайдаланып, әншіге тап бермек болған. Содан кейін Жүнісова зәулім сарайына күзет қойғанын айтады.

13113948_127170197687023_859782596_n

Бұл туралы 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасында айтылды.

«Үйде күзетші, камера бар. Содан бақылап отырамыз. Кезінде Зәкеңнің мұражайын аштым ғой. Сонда мұражайды көремін деп келіп, 2-3 жігіт өзіме бас салғысы келді. Қайта уақытымен құтылып кеткенім бар. Содан кейін жауып тастадық, қазір ешкімді кіргізбейміз. Туған-туыстар, таныстар ғана болмаса, ешкім кірмейді», – дейді елдің ерке қызы.

Жүнісова жеке күзетшіден бөлек, үйіне дабылдама жүйесін де орнатып қойған. Үй маңынан күдікті жанды байқаған жағдайда әнші бірден қару асынған «оққағарларды» шақыратын көрінеді.

«Үйде дабылдама жүйесі де орнатылған. Бір күні тексеріп, оларды өзім шақырдым ғой. Ақшаны төлеп жатырмыз, бұлар өтірік шығар құрысын, шақырып көрейінші дедім. Негізі шақырғанда 3-5 минутта бірден жетіп келеді деп айтқан. Қожанасырмын ғой мен, етімді асып, тамағым дайын болған кезде дабылды басып, шақырдым. 5-6 жігіт жетіп келді, қолдарында кәдімгідей автоматтары бар.

«Кешіріңіздер, сіздерді тексерейін дегем. Пәленбай жыл болды, ақша төлеп келе жатырмыз. Шынымен жұмыс істейсіңдер ма, жоқ па деп тексердім» дедім. Сонымен дискімді, кассетамды беріп, нан ауыз тиігізіп, кешірім сұрап шығарып салдым», – дейді Мақпал Жүнісова.

Жіберіп алмаңыз:

Асанәлі Әшімовке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді

Өлім аузынан қалған Баян Есентаева енді өмірін сақтандырмақ

Қайрат Нұртастың келіншегі өзі, отбасы жайлы бар шындықты айтып берді (фото)

Қарақат Әбілдинаны перзентханадан шығаруға жүздеген адам жиналды (видео)

Талқылау