Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мақпал Исабекованың анасы: Қаным ұйғыр болса да, санам қазақ

Мақпал Исабековаға ұлтына қатысты сұрақтар жиі қойылады. Көпшілік әншінің әкесінің ұйғыр екенін айтып жатады. Алайда керісінше әншінің анасының ұлты ұйғыр екен. Бірақ, Бибінұр ханым қаны ұйғыр болғанымен, болмысының қазақ екенін айтып жатыр.

11160285_973112026046651_618764558_n

Фото: comode.kz

Бұл туралы 31 арнаның “Ұят емес” бағдарламасында айтылды.

Анасы Мақпал Исабекованың инстаграм парақшасындағы пікірлерді оқып отырып қатты қынжылады екен. Арасында ашуға бой алдырып жауап қайыратын да кездері болған-ды.

“Мақпалдың инстаграм парақшасына кірген кезде көңілім құлазып, адамдардың түсінігінің таяздығына қайран қаламын. Өйткені, аралас неке деген бізге таңсық дүние емес қой. Оның үстіне қазақ-ұйғыр отбасылар өте көп. Бірінің әкесі қазақ, шешесі ұйғыр болса, енді бірде керісінше болады. Мақпалға осы тақырыпқа қатысты сұрақтар жиі қойылып жатады. Оның әкесі қазақ. Елі – суан. Жаркент жерінің азаматы. Мен Үштөбенікімін. Ұлтым – ұйғыр. Қаным ұйғыр болғанымен, санам қазақ”, – дейді Бибінұр ханым.

Бұдан өзге әншінің анасы Мақпалдың орнына ұл бала күткендерін айтты. Дүниеге қыз бала келгенде абдырап қалған екен. Есімін әкесі Мақпал Жүнісовадай атағы жер жарған әнші болсын деген ниетпен қойған-ды.


Жіберіп алмаңыз:

Мақпал Исабекова: Ресейде туған екі балам бар

Қарақат алғаш рет Қыдырәлінің алғашқы отбасы жайында айтып берді

Келіні Мейрамбек Беспаевтың қандай «қайын ата» екенін айтып берді

Әли Оқапов «сүйіктісін» ән байқауынан шығарып тастады (видео)

Талқылау