Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мақпал Исабекова марқұм Батырхан Шүкеновке алғыс білдірді

Бүгін танымал музыкант, әнші Батырхан Шүкеновтің туған күні. Көзі тірі болғанда, ол 56 жасқа толар еді. Туған күніне орай қазақ өнерінің өкілдері оны еске алып, желіде Шүкеновке арнап жазба қалдыруда.

Мақпал Исабекова

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Мәселен, Мақпал Исабекова Батырхан Шүкеновтің арқасында өнерге келгенін айтып, марқұм әншіні туған күнімен құттықтады.

“Өнер әлеміне жол ашқан қамқоршы ағам, үмітіңізді ақтауға тырысамын әрқашан. Туған күніңізбен”, – деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.

Сол сияқты Батырды үлгі тұтатын Әли Оқапов: “Туған күнің құтты болсын, менің сүйікті әншім”, – деп жазба қалдырды. Айта кететін жайт, Әли бұған дейін Батырханға арнап бейнебаян түсірген болатын.

Әли Оқапов

Белгілі журналист Дана Нұржігіт те Батырдың туған күнін естен шығармаған.

“Жүрегіміздегі сенің әнің үзілген жоқ, Батыр! Жаның жәннәта болсын! Ораза қабыл болсын, бауырлар!” – деп бөлісті ол.

Айта кетейік, Батырхан Шүкенов 53 жасында Мәскеуде инфаркттан көз жұмған еді. Ол 2015 жылдың 29 сәуірінде бақилыққа аттанды.

Тағы оқыңыз: 

Данэлия Төлешова Алматыда алғашқы жеке ән кешін беретін болды

Рүстем Жүгінісов Грузияда өтетін халықаралық байқауға үш хит әзірлеп жатыр

Шаршамайды екен: КешYou тобының құрамы тағы өзгере ме (видео)

Сәкен Майғазиевке Мұхаммед пайғамбардың көрпесінің қиындысын көрсеткен әйел әншіні жылатты (видео)

Талқылау