Мақпал Исабекова 800 мың теңге тұратын көйлегін 40 мыңға сатып жатыр
Жуырда Алматыда қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Онда қазақстандық әртістер мен дизайнерлер қымбат сахналық киімдерін арзанға сатып, түскен қаржыны қайырымдылыққа аударған.
Бұл туралы НТК арнасының «Ревю» бағдарламасында айтылды, деп жазады Stan.kz.
Жәрмеңкеге Мақпал Исабекова, Лидо, Әсел Сағатова сынды отандық жұлдыздар үлес қосты.
Мәселен, Мақпал Исабекова Юрмалада киген, асыл тастармен көмкерілген бағалы көйлегін ұсынды. Әнші 800 мың теңге тұратын сахналық киімін небәрі 40 мың теңгеге саудаға шығарған.
Көйлектің сатылған-сатылмағаны әзірге белгісіз.
Айта кетейік, жәрмеңкеден түскен ақша толықтай «Мейірімділік» («Милосердие») қайырымдылық қорына аударылады.
Жіберіп алмаңыз:
Жазира Байырбекова “тойдан шықпайсың” деп сынағандарға жауап берді (видео)
Тест: Сіз расымен де Димаштың тыңдарманысыз ба?
Қарақат Әбілдина сахналық киімдерін сатылымға шығарды (видео)
Қытайлық фанаттары Димаштың туған күніне Астананың барлық LED экрандарын жалға алды