Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Макаронды суға қайнатып береді": Нұр-Сұлтанда мектеп оқушыларына берілетін тамақ ата-аналардың ашуын тудырды

Нұр-Сұлтандағы білім ошақтарының бірінде оқушыларға берілетін асхана тамағына ата-аналар шағымданды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Azattyq-ruhy порталына сілтеме жасап. 

Фото: Azattyq-ruhy

Татьяна Коршунова есімді Facebook қолданушысы Нұр-Сұлтан қаласындағы мектептің бірінде оқушыларға берілген тағамның фотоларын жариялады. Оның жазуынша, 14 ыдыстың 11-і сол күйі тағамы түртілмеген күйінде қалған. Нақтырақ айтқанда, балаларға суға қайнатылған макаронға ет қосып берілген. Ал оқушылар мұндай асты жемек түгілі, дәмін де татпаған. 

"Мектептегі тамақ қашан дәмді және пайдалы болады? Неліктен біздің балалар бюджет қаражатына мектепте құр нан мен шай ішуі керек? Бізде соғыс немесе аштық жүріп жатыр ма? Бізде кейбір мектептерде тіпті қайнаған су да сатылады", – деп жазды автор.

Білім және ғылым министрлігі оқушыларды тамақтандыру нормасына қатысты түсінік берді. 


  • Қазақстандықтар ит пен мысықтың етін жегені үшін жазаланатын болады

"2017 жылы денсаулық сақтау министрлігі Қазақ тамақтану академиясымен бірлесіп, оқушылардың тамақтану рационы бойынша бірыңғай стандарттар – балалардың маусымдылығы мен жас ерекшеліктерін ескере отырып, 4 апталық ас мәзірін әзірледі. Білім беру ұйымдарында кремі бар кондитерлік өнімдерді, тұтыну орамаларындағы кондитерлік тәттілерді (шоколад, кәмпит, печенье), терең қуырылған бұйымдарды, газдалған, тәтті алкогольсіз сусындарды, диффузиялық қойылтылған шырындарды (оралған минералды және ауыз суларды қоспағанда), фаст-фудтарды (гамбургерлерді, хот-догтарды, чипстерді, кептірілген нандарды) және т.б. дайындауға және өткізуге жол берілмейді", – деді Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова. 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімідігі білім басқармасының баспасөз қызметі "мәселе шешілді" деді. 

Айнұр Мұхади
Жұма, 08 Қазан, 2021 18:26
Талқылау