"Маккаби" жанкүйерлері "Астон Вилламен" өтетін матчқа қатыса алмайды"
Фото:”Астон Вилла” фк
Тель-Авивтің "Маккаби" клубының жанкүйерлері 6 қараша күні Бирмингем қаласындағы "Вилла Парк" стадионында өтетін Еуропа лигасының 4-тур ойынына бара алмайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы "Астон Вилла" өз ресми сайтында хабарлады. Ағылшын клубының мәліметіне сәйкес, жанкүйерлердің ойыннан тыс қалуына қоғамдық қауіпсіздікке қатысты мәселелер себеп болған.
Уэст-Мидлендс полициясы матч күні стадион аумағынан тыс жерлерде тәртіпсіздіктер болуы мүмкін екенін айтып, қауіпсіздікті толық қамтамасыз ете алмайтынын ескерткен.
"Астон Вилла" бұл шешімге қатысты УЕФА және "Маккаби" басшылығымен тығыз байланыста жұмыс істегенін, басты мақсат – матчқа келетін жанкүйерлер мен жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету екенін атап өтті. Айта кетейік, ағылшындық клуб 6 қараша күні өз алаңында Тель-Авивтің “Маккаби” клубын қабылдайды.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

