“Маккаби” клубы ағылшын командасына қарсы ойынға өз жанкүйерлерін қатыстырмайды

Фото:”Астон-Вилла” фк
Тель-Авивтің "Маккаби" футбол клубы Еуропа лигасы аясында ағылшынның "Астон Вилла" командасымен өтетін сырт алаңдағы ойынға өз жанкүйерлерін апармауға шешім қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Себеп – Израиль саясатына қарсы наразылық шаралары өтуі мүмкін деген қауіп және көрермендердің қауіпсіздігіне алаңдаушылық.
"Жанкүйерлеріміздің қауіпсіздігі – біз үшін ең маңызды мәселе. Бұған дейін болған жағдайларды ескере отырып, біз бұл матчқа жанкүйерлерді жібермеу туралы шешім қабылдадық. Мұны дұрыс түсініп, құрметпен қабылдауды сұраймыз", – делінген клубтың ресми хабарламасында.
Айта кетейік, бұған дейін "Астон Вилла" клубы Израильден келген жанкүйерлердің ойынға қатысуына қарсылық білдірген. "Астон Вилла" мен "Маккаби" арасындағы матч 6 қараша күні Бирмингемдегі "Вилла Парк" стадионында өтеді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

