Махаббаттарының ғұмыры қысқа болған қазақстандық жұлдыздар
Қазақстандық шоу бизнесте көңіл жарастырып, артынша айырылысқан жұлдыздар өте көп. Қос ғашықтың екеуі де танымал болғандықтан, әдетте бұл айырылусулар жұрт назарында болады. Олай болса, махаббаттарының ғұмыры қысқа болған жұлдызды жұптарды еске алып көрейік.
Асхат Садырбай мен Ерке Есмахан
Тележүргізуші Асхат Садырбай мен әнші Ерке Есмахан 2011 жылы некелерін заңдастырып, отбасын құрған болатын. Жастар Ерке “Іңкәр” тобының құрамында ән салып жүргенде-ақ танысқан. Араға бір ай салып Асхат Ескеге ұсыныс жасайды. Жұлдызды жұп үйлену тойларын дүркіретіп атап өтеді. Біраз уақыттан кейін дүниеге Мүслім есімді ұлдары келеді. Тағы да біраз уақыт өткен соң екеуі де айырылысу туралы шешім қабылдайды.
“Асхат ажырасқан кезімізде бар сыйлығын түгендеп алып қалды. Сырға, сақина менде оның ешқандай заты қалмады. Мінезі сондай. Менен кейін бір үйленіп ажырасты. Сол кезде қайта қосылуға да келген. Мен ештеңе шықпайтынын түсініп келіспедім. Енді оған “майдалықты” қою керек деп кеңес беремін. Ер мінезді, ірі болса осы отбасы сақталады деп ойлаймын”, – дейді Ерке Есмахан “Сырласу” бағдарламасына берген сұхбатында.
Жандос Айбасов пен Айсұлу Әзімбаева
Актерлер Жандос Айбасов пен Айсұлу Әзімбаева қазақстандық шоу бизнестің ең жарасымды жұптарының бірі болған. Олардың таңдауларында ғана емес, сыртқы келбеттерінде де ұқсастық болатын. Тіпті Mysterions тобының бейнебаянына бірге түскен болатын. Жұрт той болатынына сенімді жүрді.
Бұл жағдай туралы Жандос сұхбаттарының бірінде айтып өткен болатын. “Арамызда түсінбестік орнады. Біз ары қарай қарым-қатынасымыздың дұрыс өрбімейтінін түсіндік. Өкінішті. Себебі, бізді көп нәрсе байланыстырған еді”, – дейді ол. Дәл қазір актер суретші Марина Карпыковамен кездесіп жүр. Ал Айсұлу жеке өмірі жайлы айтпауды жөн көреді. Десе де, жұрт оны әріптесі Шыңғыс Капинге қосып жүр.
Бибігүл Ақтан мен Шерәлі
Олар “Артық әңгімесіз” атты телехикаяда ғашықтардың рөлін сомдаған болатын. Осыдан кейін көңіл жарастырып, шетелде бірге демалды. Инстаграм желісіндегі парақшаларында күнделікті жаңалықтарын бөлісіп отырды. Бір-бірлерін қалай жақсы көретіндері туралы да түрлі жазба жазды. Алайда уақыт өте келе жұлдызды жұп айырылысу туралы шешім қабылдайды.
Бұған не нәрсе себеп болғаны осы күнге дейін белгісіз. “Менен “Бибігүл екеуің кездесіп жүрсіңдер ме?” деп сұрайды. Мен арамызда сезім болғанын жасырмаймын. Бірақ дәл қазір біз кездесіп жүрген жоқпыз”, – дейді Шерәлі. Көп адам Бибигүлдің шатақ мінезі себеп болды деп болжауда. Мұнымен қатар, актриса бірнеше жыл бұрын Иван Бурмистров есімді ресейлік азаматқа тұрмысқа шыққан болатын. Заңды түрде айырылысып кетсе керек, бүгінде ол жалғыз жүр.
Нұржан Керменбаев пен Жанар Хамитова
Отандық SuperStar жобасы аяқталған соң Нұржан Керменбаев пен Жанар Хамитова “Арнау” тобының құрамында өнер көрсетті. Бастапқыда продюсер дуэттің арасындағы махаббат оты жақсы пиар болады деп ойлаған. Артынша екі әнші де шын ғашық болғандарын сезіп, көңіл жарастырған. Халық той болады деп күткен-ді. Алайда жұлдызды жұп көп ұзамай айырылысып кетеді. Жанар Хамитова топтан кетіп, оны Салтанат Бақаева алмастырады. Бүгінде Жанар шоу бизнес әлемінен кеткен, ал Нұржан былтыр үйленіп, отбасын құрды. Бір ұлы бар.
Иван Бреусов пен Ділназ Ахмадиева
Олар көп жыл бұрын кездескен. Қарым-қатынастары 4 жылға созылып, үйлену тойларын жоспарлаған болатын. Біраз уақыт өткен соң екеуі де бір-бірлеріне сай келмейтінін түсінген. “Иә, Иван екеуіміз айырылыстық. Алайда осы күнге дейін жақсы дос болып сырласамыз” дейді Ділназ Ахмадиева сұхбаттарының бірінде. Иван Бреусов “Бионик” тобының экс солисімен көңіл жарастырып, былтыр әке атанып үлгерді.
Ал Ділназ күйеуімен ажырасты. Әзірге жаңа сүйіктісін ешкімге көрсетпей жүр. Жұрт бір кездері Иван мен Мақпал Исабекованы да қосқан болатын. Алайда бүгінде үшеуі де дос болып қалуды ұйғарған.
Турал Эверест пен Кәрима Мұтырғанова
Әнші Турал мен Мұрат Мұтырғановтың қарым-қатынасы ұзаққа созылмады. Десе де, жұрт оларды жіті бақылап жүрді. Қос ғашық денелеріне бірдей татуировка да салдырып үлгерген болатын. Айырылысқан соң Кәрима татуровкасының жан-жағына оюлар қостырып, оны байқатпауға тырысқан. Олардың не себепті айырылысқаны белгісіз. Дәл қазір Турал Altyn Girls тобының бұрынғы әншісімен кездесіп жүр. Мұнымен қатар, Мұрат Мұтырғановпен де қарым-қатынасы ойдағыдай.
Айгүл – Сәбит – Алтынай
Жұр әлі күнге дейін Айгүл мен Сәбиттің некелесіп, артынша ажырасып кеткендері туралы жиі айтады. Сәбит көп жыл бойы өзінің Айгүлден туған баласымен араласпаған екен. Артынша Айгүл баласына әкесі туралы айтып, араласуларына рұқсат берген. Тіпті, актриса отандық бағдарламалардың бірінде әкесінің ұлын мақтап, оның текті жердің ұрпағы екенін айтқан болатын.
Енді жұрт Айгүл мен Сәбит туралы емес, кейінгісі мен Алтынай екеуінің қарым-қатынасы туралы айтып жатыр. Желі қолданушылары оларды ажырасып кетті деп болжаған. Себебі, Алтынай бала-шағасымен бірге Астанада, ал Сәбит Алматыда тұрып жатса керек. Екеуі де бұл туралы әзірге ашып айтағандықтан, нақты айту қиын.
Жіберіп алмаңыз:
Қазақ сахнасындағы шаңырағы шайқалған жұлдыздар
Актриса Сая Оразғалиева күйеуімен ажырасу себебін ашып айтты (фото)