Ресейде әйел Ішкі істер министрлігіне жұмыссыз ұлының әскерден қашып жүргенін мәлімдеген
Мәскеуде ұлымен жанжалдан кейін әйел Ішкі істер министрлігіне оның әскерден қашып жүргенін мәлімдеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Газета.ru басылымына сілтеме жасап.
26 жастағы ер адам Мәскеуде анасымен бірге тұрады. Ол Ресей Федерациясы президенті жанындағы халық шаруашылығы мен мемлекеттік қызмет академиясында оқып, ақпараттық қауіпсіздікпен байланысты жеке кәсібін ашуды жоспарлаған. Алайда 2022 жылдың қаңтарында компанияны жабуға тура келген. Осыдан кейін анасымен жанжал жиілей түскен.
Кезекті жанжалдан кейін әйел ұлының әскерден қашып жүргенін мәлімдеген. Дегенмен 3 айдан соң ұлы 27 жасқа толады екен. Бұл үшін ол Ішкі істер министрлігіне ресми хат жолдап, ер адамның әскери борышын өтемегенін және өтегісі келмейтінін хабарлаған.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”