Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Макарон мен қарақұмық: Қазақстанда көпбалалы отбасыларға берілетін көмекке не кіреді?

Атаулы әлеуметтік көмектің жаңа нұсқасына сәйкес қосымша жәрдем тағайындылады екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Хабар арнасына сілтеме жасап. 

Мектеп жасына толмаған баласы бар көпбалалы отбасыларға ақшалай жәрдемақыдан бөлек, ай сайын азық-түлік пен гигиеналық заттар беріліп тұрады екен.

Алғашқы көмек себеті 1-3 жас аралығындағы бүлдіршіндерге табысталады. Оның ішіне 2 литрлік сүт, дәрумендерге толы піспенан, гиппоаллергенді ботқа, жүгері жармасы, сұлы үлпегі, 10 түрлі езбе кіреді.

Екінші себет 3-6 жастағы балаларға арналған, оған кіретін азық-түлік те көбірек екен: бидайдың қатты сұрыпынан әзірленген макарондардың 2 бумасы, 2 литрлік пастерленген сүт, құрғақ таңғы ас, піспенан, арпа, ұнтақ және қарақұмық жармалары, бұршақ, күнбағыс майы, сұлы үлпегі, тіпті гемотогені бар ара балы беріледі.

Ал үшінші жиынтыққа дене тазалығына қажетті құралдар кіретін көрінеді. Көпбалалы аналар әр тоқсан сайын тіс щетканың жиынтығын, сабын, сусабын, балалар ұнтағы мен жақпамайын алып тұрады. 

Гигиеналық және азық-түлік жиынтығын жергілікті билік дайындайды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аталған жиынтықтарды сатып алатын нүктелерді де бекітіп қойған. 500-ден астам кәсіпкерлер аталған мәселеге жауап беріп, тауарлардың сапасына, мерзіміне, мекен-жайларға жеткізілуіне жауап беретін болады. 

"Барлық жиынтық қатты қағазбен оралып, жеткізілуі тиіс. Бұл жайттың барлығы жеткізушілерге түсіндірілді. Қаңтар айында АӘК тағайындау мәселесі қарастырылуда. Ақпаннан бастап АӘК жәрдемақысымен бірге, қосымша көмек заттары таратылатын болады", - деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов. 

Жаңа нұсқадағы атаулы әлеуметтік көмек 370 мыңнан астам көпбалалы отбасыларға беріледі. Мемлекет тарапынан бұған 327 миллиард теңге бөлінеді. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 80 миллиардқа көбірек. 

Жәрдемақының көлемі үйдегі балалардың санына байланысты тағайындалады. Ақшалай көмекпен қоса, 18-ге толмаған балаларға мектептерде тегін ас беріп, қажетті киім-кешек пен оқу құралдарымен қамтамасыз етіледі. Оған қоса көпбалалы отбасыдан шыққан оқуышлар қоғамдық көліктерде тегін жүре алады. Қосымша көмек ерекше баласы бар отбасыларға да көрсетіледі екен. Қазіргі таңда олардың саны 90 мыңнан асатын көрінеді. 

"Мүгедектерге арналған қаржылай көмек 12 пайызға көбейтілді. Егер былтырғы жылы бұл көрсеткіш 400 миллиард теңгені құраса, осы жылы 450 миллиард теңгеге жетті. Біз жекеменшік қалпына келтіру орталықтарының санын өсірмекшіміз. Ол үшін мектептерде инклюзия кабинеттерін ашпақпыз", - деп қосты Нұрымбетов.

Осы жылы 800 мыңнан астам қазақстандықтың жалақысы 20%-дан 30%-ға артады. Олардың қатарында ұстаздар, дәрігерлер мен қоғамдық қызметкерлер бар. Зейнетақы мен жәрдемақының көлемі ұлғайтылды. Қазақстандықтардың тұрмысын жақсарту үшін республикалық бюджеттен 4 триллионға жуық қаражат бөлінген. Мемлекетке шетелден мамандар тартылыпты. Бұл туралы вице-премьер министр мәлімдеді. 

"Біз жыл сайын шетелдіктерге бөлетін квотаны қысқартып келеміз. Былтырғы жылы ол 49 мың болса биыл 29 мыңға түсті. Біз қазір шетелдік ұйымдарға мынадай талаптар қойып отырмыз: егер сіздер басқа елдер 10 маман алып келсеңіз, 3-5 жылда қазақстандық 10 маман оқытып шығаруларыңыз керек", - деді ҚР-дың вице-премьері Бердібек Сапарбаев.

Дегенмен президенттің тағы бір бұйрығы атқарылмай келетін көрінеді. Зейнетақы жинақтамасына ие болу мәселесін министрлер әлі де талқылауда. Дегенмен үкімет алға қойған мақсаттарды белгілеп қойған. Мысалы қазақстандықтар өз зейнетақы жинақтамаларын емделу үшін ала алады. Бірақ олардың есепшотында 10 миллионнан астам ақшасы болуы шарт. 


 

Талқылау
Пікір
Кая
09 Қаң, 20 жыл - 17:39

Сәлеметсиз бе!Осы көмекті қайдан алуға болады,кімге хабарласу керек,айтып жібересіздер ме?

Назерке
09 Қаң, 20 жыл - 14:55

Алдын айтқан болатын 3 баласы барларга пасобия төленеді деп.Бызде жалдамалы пәтерде тұрамыз,үйде жолдасым жұмыс істейді, мен дикретегы анамын 3 баламен.Бызгеде оңай емес. 3 баласы барларга толенсе жақсы болар еді. 

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Еңбек министрлігі әйелдердің неліктен ерлерге қарағанда зейнетке көп ақша жинау керектігін түсіндірді

Біржан Нұрымбетов зейнетақы жинақтарын алу үшін жеткіліктілік шегін есептеу туралы айтты

Қазақстанның бас санитар дәрігері: Жалған ақпаратты тоқтатуларыңызды сұраймын

Қазақстанда коронавирустің жаңа түрінің таралуы туралы қауесет расталмады

Қазақстан Fed Cup-ты қабылдамады: Теннис матчы Қытайда өтуі тиіс болған

Матчты Қытайдың Дунгуан қаласынан Нұр-Сұлтанға ауыстыру ұсынылған еді

Қытайға пойыздар мен автобустардың қозғалысы тоқтатылады

Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінде хабарлады

Қытайдан Нұр-Сұлтанға келген қыздың Гонконг тұмауымен ауыратыны анықталды

Қазақстанның бас санитарлық дәрігері: Қызда H3N2 тұмауы бар. Бұл анық

Сарапшылар қытайлық коронавирустың Қазақстан экономикасына әсерін айтты

Коронавирус індетінің әлемдік экономикаға теріс әсері күшті болады

Алматы полиция департаментінің басшысы тағайындалды

Бұл орындағы Серік Күдебаев басқа қызметке ауысты

Депутат премьер-министрден қазақстандықтарды Қытайдан шығаруды сұрайды

Депутаттар Ухань қаласынан басқа қалалардағы қазақстандықтарды елге қайтаруды қалайды

Америка Қытайдың қауіпті аймағынан азаматтарын эвакуациялады

240 америкалық Ухань қаласынан эвакуацияланды

Әйелі әйгілі фамилияда: Ресейдегі жаңа елші Ермек Көшербаев пен отбасы туралы не белгілі

Көшербаевтың әйелінің туысы Ален Чайжүнісов елбасының немересі Венера Назарбаеваға үйленген
Çàãðóçêà...