Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар тағы бір елге визасыз бара алады

24 қазан Қазақстан мен Макао арасындағы визасыз режим туралы келісім күшіне енді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

"2024 жылғы 24 қазанда Қазақстан үкіметі мен Қытайдың Макао арнайы әкімшілік аймағы үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісім күшіне енді. Енді екі елдің жарамды ұлттық төлқұжаты бар азаматтар бір-бірінің аумақтарына 14 күнге дейін визасыз бара алады", – деп хабарлайды сыртқы істер министрлігі.

Визасыз режим жұмысқа, оқуға және тұрақты тұруға рұқсат бермейді. Жаңа келісім Қазақстан мен Макао арасындағы туризм, мәдени және іскерлік байланыстарды күшейтеді деп күтілуде.

"Егер Макаода 14 күннен артық қалғыңыз келсе, арнайы кіру визасын алуыңыз керек", – делінген департамент мәлімдемесінде.

Макао – Қытайдың оңтүстік жағалауында орналасқан Қытай Халық Республикасының ерекше әкімшілік ауданы. Ол 16 ғасырдың ортасынан бастап 1999 жылы Қытай юрисдикциясына берілгенге дейін Португалия колониясы болған. Сондай-ақ ел казино және тарихи орындарымен жыл сайын миллиондаған туристерді тартады.

Еске салсақ, осыған дейін Шри-Ланка қазақстандықтар үшін визасыз режим енгізгенін жазғанбыз.

Талқылау