Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мақал-мәтелді аяқта. Тест

Мақал мен мәтелдің айырмашылығын көбі біле бермейді. Айдардың бүгінгі шығарылымында мақал-мәтелдің ерекшеліктерін бөлек қарастырып көреміз. 

Мақал — өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі. Терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады.

Мәселен, “Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”, “Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”.

Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал.

Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Мәселен, "Көппен көрген ұлы той", "Қызым саған айтам, келінім сен тыңда".

ойжұмбақ
6 сұрақ
Мақал-мәтелді аяқта. Тест
 
 
/
6
Мақал-мәтелді аяқта. Тест

 Балалы үйде ...  жатпайды

 
/
6
Мақал-мәтелді аяқта. Тест

 Етікші ...  жарымас 
 

 
/
6
Мақал-мәтелді аяқта. Тест

Жоқшылық ердің ...  байлар

 
/
6
Мақал-мәтелді аяқта. Тест

 Жарқанатқа жарықтан ... артық
 

 
/
6
Мақал-мәтелді аяқта. Тест

Көптің қолы ... жетеді
 

 
/
6
Мақал-мәтелді аяқта. Тест

Сараң да бір, ... бір

Мақал-мәтелді аяқта. Тест
Результат
 
/
6
Нашар!
 
Бөлісу
 
Мақал-мәтелді аяқта. Тест
Результат
 
/
6
Ережені қайта оқып, біздің айдардан қалыс қалмаңыз!
 
Бөлісу
 
Мақал-мәтелді аяқта. Тест
Результат
 
/
6
Нашар!
 
Бөлісу
 
Мақал-мәтелді аяқта. Тест
Результат
 
/
6
Жаман емес!
 
Бөлісу
 
Мақал-мәтелді аяқта. Тест
Результат
 
/
6
Жаман емес!
 
Бөлісу
 
Мақал-мәтелді аяқта. Тест
Результат
 
/
6
Тамаша! Нәтижемен бөлісіңіз! 
 
Бөлісу
 
Интерактив: ойжұмбақ
Квиз: Мақал-мәтелді аяқта. Тест

 

Талқылау