Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Махмұд Төреханның туған інісі олимпиадаға лицензия беретін іріктеу турнирге қатыса алмайды

Бокстан әлем чемпионы Махмұд Сабырханның туған інісі Төрехан Сабырхан Париж олимпиадасына жолдама беретін турнирге қатысу мүмкіндігінен айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Олимпиада комитеті

Төрехан Сабырхан Таиланд астанасы Бангкокте өтетін әлемдік лицензиялық турнирге жолдама беретін спаррингтік турнирге қатыспайтын болды. Жастар арасында Азия чемпионатының үш дүркін жеңімпазы жасының жетпеуіне байланысты Халықаралық олимпиада комитеті лицензиялық турнирге қатысуға рұқсат бермеген. 18 жастағы былғары қолғап шебері 8-10 сәуір аралығында өтетін спаррингтік турнирдің басты фавориттерінің бірі болған. Енді 63,5 келідегі спаррингтік турнир Мұхамедсабыр Базарбайұлы, Серік Теміржанов, Дулат Бекбауов, Ертуған Зейнуллинов және Жандос Қыдырәлиев арасында өтеді. Бұл сайыста жеңімпаз атанған спортшы Тайландта өтетін соңғы лицензиялық турнирде ел намысын қорғайды. 

Айта кетейік, Төрехан Сабырхан жақында ғана Черногорияда өткен әлем кубогінде сынға түсіп, 67 келі салмақта топ жарған еді. 

Талқылау