Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Махмуд Сабырхан Астанадағы бокстан Әлем кубогының ширек финалына жолдама алды

Фото: Қазақстан бокс федерациясы баспасөз қызметі

Астанада өтіп жатқан бокстан Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Махмуд Сабырхан сәтті өнер көрсетіп, жарыстың ширек финалына өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Сабырхан турнирдегі алғашқы кездесуін 1/8 финал кезеңінде өткізді. Оның қарсыласы Оңтүстік Кореядан келген Шин Чжэен болды.

Кездесу төрешілер шешімімен 5:0 есебімен қазақстандық боксшының пайдасына аяқталды.

Жекпе-жек барысында отандасымыз айқын басымдық танытып, төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті. Бұл нәтижесі оған турнирдің келесі кезеңіне ширек финалға өтуге мүмкіндік берді.



Бүгін турнир аясында Қазақстан ерлер құрамасынан тағы үш боксшы — Нұрбек Оралбай, Серік Теміржанов және Айбек Оралбай өз жекпе-жектерін өткізеді.

Абылайхан Палмағанбет
Сейсенбі, 01 Шілде, 2025 16:36
Талқылау