"Махі шайдың жарнамасы": KeshYou мен Snoop Dogg-тың жаңа бейнебаяны сынға қалды
Отандық шоу-бизнестің жұлдызды тобы KeshYou мен Snoop Dogg-тың бірлескен бейнебаяны жарыққа шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Бейнебаяннан скриншот
YouTube платформасында өнер жұлдыздары "Forever Sunday" атты әнді жүктеді.
“Шоу-бизнес тарихындағы алғашқы әлемдік тректі KeshYou тобы жазды. Сіз де тарихтың бір бөлігі болып, бейнебаянды көріп шығыңыз”, – деп жазды продюсер Баян Мақсатқызы.
-
"Арақ-шараптың бәрінде ою бар": KeshYOU тобының менеджері "ұлтымызды қорлады" дегендерге жауап берді
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, әлемдік хиттің ұнамағанын жарыса жазып жатыр.
“Сөздері түсініксіз екен”, “Жастарға ұнайтын шығар, маған ұнамады”, “Продюсерге атақ, әншіге ақша керек болды”, “Мархаба Сәби сөзін жазған әннің әлсіз болуы мүмкін емес”, “Махі шайдың жарнамасы болып кеткен”, “2008 жылы Snoop Dogg-тың әні осындай еді, ештеңе өзгертпеген”, “Енді Шымкент сырасын клипке түсіру қалды”, “Клип пен ән хит болады деп ойламаймын, бірақ шоу-бизнеске серпіліс әкелді”, – деп жазып жатыр оқырман қауым.
Айта кетейік, Баян Мақсатқызы Snoop Dogg-тың қаламақысын айтқан еді.