Дағыстанда квест кезінде екі қыз тірідей өртеніп кетті (видео)
Махачкалада квестте өрт шығып, екі әйел мерт болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Meduza Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: kp.ru
Тергеу мәліметінше, 22 шілде күні сағат 02:00 шамасында Расул Ғамзатов көшесіндегі квест бөлмесінде "ойын сеансы кезінде бензин" тұтанып, өрт шыққан. Дағыстанның тергеу комитеті қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
Дағыстан Денсаулық сақтау министрлігі квестке келушілердің бірі көмірқышқыл газынан уланып, екіншісі күйіктен қайтыс болғанын хабарлады.
Қаза тапқандар 19 жастағы Асият пен 25 жастағы Мәдина. 21 жастағы Саид есімді азаматтың денесінің 50 пайызын күйік шалып, ауруханаға түсті.
Дереккөздің хабарлауынша, сценарий бойынша қыздардың қолына кісен салынған. Ал квест-аниматор атмосфера сыйлау үшін қолғапқа бензин құйып, оны өртеп жіберген. Бөлмеде жұмыс істеп тұрған электр арасының сымына тамшылар түсіп, өрт тез тараған. Асияттың күйеуі Саид өрт сөндіргіш іздеп тауып, жанып жатқан бөлмеге кірген кезде, денесін күйік шалған.