Magnum, Small және Toimart әлеуметтік тауарлар бағасын қымбаттатпауға уәде берді

Magnum, Small және Toimart сауда желілері Алматыда әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағасын жыл соңына дейін күрт көтермеуге уәде берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.
Қала әкімдігінің хабарлауынша, супермаркеттер сауда үстемесін 15%-дан аспайтын деңгейде ұстайды.
"Әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз көтермеу және белгіленген сауда үстемесін сақтау мақсатында Алматы қаласы әкімдігі Magnum, Small және Toimart ірі сауда желілерімен бағаны тұрақтандыру туралы меморандумға қол қойды", – деп хабарлады әкімдіктен.
Сонымен қатар әкімдік отандық өндірушілерден тікелей жеткізілімдерді ұйымдастыруға келісті. Енді алматылықтар "Алатау-Кұс", "Отан Грин Фуд" және "Наурыз Агро" компанияларының құс етін, "Сары-Бұлақ" фабрикасының бірінші санатты жұмыртқасын, "Асыл Дән" компаниясының күрішін және "КаистИнвест" зауытының қантын арзан бағамен сатып ала алады.
Алматыда оқу ақысы 5 миллион теңге болатын элиталық мектепте оқушыларға шикі тамақ берілген
Асхана тамағынан кейін балаларға асқазан-ішек жолдарының функциялық бұзылуы сияқты диагноздар қойылған
Қазақстанда көпбалалы әйелдерге 8 наурызға орай 43 мың теңгеге дейін біржолғы төлем беріледі
Ал қалған 8 аймақта көпбалалы аналарға ақшалай төлем берілмейді екен