Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Magnum ресейлік және олигархтардың өнімдерін ғана сатады”: Министр түсіндірді

Қазақстанның cауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев шағын дүкендерді Magnum ірі сауда желілерінің жоқ қылуы жән шағын фермерлердің супермаркет жеткізушілерінің қатарына кіру мүмкіндігінің жоқтығы туралы пікір айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Magnum тек ірі өндірушілермен келісімшартқа отыратындықтан, қарапайым фермерлердің супермаркетке тауар ұсына алмау мәселесі талқыланды. Оған ққоса Қазақстандық өндірушілер де супермаркет сөрелерінде ресейлік тауарлардың басым болуы мәселесін көтерді.

Министрдің айтуынша, бөлшек саудадағы үлкен спуермаркет желілерінің үлесі 20 пайыздан аспайды.

"Magnum – кең ауқымды желілердің бірі. Жұмыртқаның бағасына қатысты түсіндірейін. Өнімнің соңғы құны көбінесе сауда маржасына, сыйақыға және бонустарға байланысты екенін бірнеше рет талқыладық. Жұмыртқаның құнын, жеткізу бағасын, сақталуын толығымен есептеп, олардың 15% үстеме бағадан аспауын қамтамасыз ету үшін бөлшек сауда желілерімен жұмыс істедік. Біз барлық сауда желілерімен жұмыртқа бойынша меморандум жасадық және барлық 19 позицияға мониторинг жүргізіп жатырмыз", – деді Шаққалиев.

Сондай-ақ ол Астанада сауда желісінің 26 түрі бар екенін, Magnum-тан бөлек 26 базар мен 2 мың ыңғайлы дүкен бар екенін атап өтті.

"Біз толығымен пайыздық тұрғыдан, өнім ассортименті тұрғысынан қарадық. Мысалы, біздің ұн ресейлік ұннан арзан", - деді ол.

Бұл ретте ол ірі желілер сөрелердің кем дегенде 50 пайызын отандық өндірушілерге бөлетінін баса айтты.

Министр жеткізушіні әрбір желі өзі таңдайтынын және олигарх пен қарапайым фермер деген ұғымның жоқ екенін түсіндірді.

"Мысалы "картоп олигархы” дегенді көрмедім. Бұл нарық, бағасы және сапасы жағынан тиімді өнімдер таңдалады”, – дейді министр. 

Талқылау