Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Магистратураға түсу үшін тест тапсырғандардың жартысынан азы ғана шектік баллды еңсерген

Ғылым және жоғары білім министрлігі магистратураға түсу үшін кешенді тестілеудің аралық қорытындысын шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

ҰБТ

Емтиханға 43 мыңға жуық өтініш берілген, 23 мың үміткер тестілеуден өтті. Олардың 43%-ы ғана шекті балл жинады. Орташа көрсеткіш – 73 балл. Максималды балл – 130.

Ережені бұзғаны үшін 149 қатысушының нәтижелері жойылды. Емтиханға дейін смартфон және басқа да тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқаны үшін 92 үміткер жіберілмеді. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін 57 адам аудиториядан шығарылған.

Биыл магистратураға 13 мыңнан астам грант бөлінді.

Кешенді тестілеу 10 тамызға дейін жалғасады. Магистратураға ғылыми-педагогикалық бағытқа түсу үшін өту балы – 75 балл, бейіндік бағытқа – 50 балл.

Талқылау