"Магистратураға түсу үшін 5 жыл жұмыс істеу керек": Қазақстандықтардың ғылыммен айналысуына шектеу қойыла ма
Қазақстан ректорлар кеңесінің төрағасы, Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті КЕАҚ ректоры Ерлан Сыдықов онлайн-брифинг барысында студенттерің ғылым жолына келуі туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Журналистер шетелде магистратураға түсу үшін 5 жыл сол сала бойынша жұмыс істеу талап етілетінін мысалға келтіріп, Сыдықовқа сұрақ қойды. Олар Қазақстанда да сол жүйені енгізудің қаншалықты дұрыс екенін сұраған.
"Ғылым жолына бакалавр дәрежесімен келе берсе болады деп есептеймін. 19 жастағы жас ғалымдардың мүмкіндігін шектемеуіміз керек. Мен Еуразия Ұлттық университетіне магистратурасыз кіші ғылыми қызметкер, ғылыми көмекші болуға шақырамын", - дейді Ерлан Сыдықов.
Ол осылайша ғылым жолына түсудің жас пен уақыт талғамайтынын айтты.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”