"Титулымды қорғағым келмейді": Әлімханұлы жеңісінен кейін мәлімдеме жасады
WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) келесі жекпе-жегін осы қыста өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сурет: Janibek Alimkhanuly Instagram парақшасынан
15 қазан күні Әлімханұлы Германиядан келген Винченцо Гуальтьериге (21-1-1, 7 КО) қарсы жекпе-жегін алтыншы раундта аяқтады.
"Төрт белбеуді түгел алғанша тойлай алмаймын! Маған WBC және WBA титулдары керек! Ақпан айында жасайық! Титулымды қорғағым келмейді! Маған басқа титулдар керек! Кез келген чемпионды нокаутқа түсіремін!", – деді Әлімханұлы желідегі жазбасында.
Орта салмақтағы WBC титулы америкалық Джермалл Чарлоға (32-0, 22 КО), ал WBA белбеуі кубалық Эрисланди Лараға (29-3-3, 17 КО) тиесілі.
Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы 15 қазанда Винченцо Гуальтьериді нокаутпен жеңіп, IBF нұсқасы бойынша чемпиондық белбеуді иеленген еді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”