Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Маған ана да, әке де бола білді": Марат Омаров 94 жастағы анасымен бірге сұхбат берді

Әнші Марат Омаровтың 94 жастағы анасы ұлының кішкентай кезіндегі оқиғаларымен бөлісті. Айтуынша, ол ұрыншақ болған екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Марат Омаров анасы
«Маған ана да, әке де, ана да бола білді. Әкем бір жасымда дүниеден озып кеткен. Анам мені өте жақсы тәрбиеледі. Барлығына қолым жетті. Кезінде мен баян, гитара десем, соны сатып алып беретін. Тағы бір қызығы кішкентай кезімде құдыққа түсіп кеткен болатынмын. Ол да анамның есінде шығар», – дейді Марат Омаров.

Әншінің анасының айтуынша, кішкентай күнінен бастап бір жерде тыныш отырмайтын болған.

«Ұрыншақ еді. Күн бұлтты болғанына қарамастан айдалаға жүгіріп кете беретін. Соған қалай жететінімді білмейтінмін. Келіп тамға сүйеніп тұратын», – дейді Марат Омаровтың анасы Сұлухан Сұлтанова «DASTARXAH» бағдарламасына берген сұхбатында.

«Біздің ауылда тасқын болатын. Су келген кезде бүкіл ауылды алып кетеді. Далада тұрған заттың бәрі: сыпырғыш, күрек, тауыққа дейін ағады. Бірақ мен олар суда ағып кетпесін деп, үйге кіргізіп қоятынмын. Содан там құлап кетпесін деп, оны иығыммен тиеп тұратынмын», – дейді Марат Омаров.

Әнші үздік оқушылардың қатарында болған. Оның барлығы анасының берген тәрбиесінен дейді. 

«Кішкентай кезімде Шымкент қаласынан екі жүз шақырым ауылда тұратынбыз. Ағам менің сүндетке отырғызатынын айтып қалды. Мен бүкіл ауылды шулатып қаштым. Сол кезде үлкен ағам ұшақ әперемін деп алдап мені көндірді. Мен Ленин партасында отырғанмын. Үш парта болса, соның бірін қып-қызыл етіп жазып қоятын. Төртінші сынып кезінде мені үздік оқушы ретінде Ленинградқа оқуға жіберетін болды. Сол кезде анам «Балам, Ленинградты қайтесің, Шымкентке көшетін болдық» деп қуанитқан еді», – дейді әнші.

Марат Омаров Әзірбайжан Мәмбетовтың «Жаушы» фильміне түскен. Сол уақытта анасы оны оқудан шығып кетті деп естіпті.

«Баламды оқудан шығарып жіберіп, басқа баланы алыпты дегенде жылап, баламды іздедім. Үйге келе жатсам, балам келе жатыр алыста. Ол да жүгірді, мен де жүгірдім. Сөйтсем, балам киноға түсіпті», – дейді Марат Омаровтың анасы.

Бағлан Әбдірайым

Ал Бағлан Әбдірайымов тынымсыз бала болыпты. Анасының айтуынша, ол ауылдағы шошқа қорасына барып, торайларын далаға шығарып жібереді екен. 

«Бала кезінен сондай тынымсыз болды. Бір орнында отыра алмайды. Далаға шығып кететін. Екі-үш жасар кезінде де солай болды. Бір уақытта қай қарайғанда келеді. Қайда жүрсің десем, «балалар жүрмін» деп айтатын. Үйіміздің ар жағында шошқа фирма болатын. Қасындағы кішкентай бала екеуі сол жаққа кетіп қалады екен. Сол жақтағы қамап қойған торайларды қорасынан шығарып жібереді екен. Сондай бұзықтықтары болды. Ауылдық жер болған соң апта сайын көкпар болады», –дейді  Нұрсұлу Әбдірайымова

Бағлан көкпар көргенді жақсы көрген. Бірақ бір күні қараңғы далада қалып қойыпты. 

«Қас қарайып жатыр, көкпар да тарқап барады. Алыстан бәйгеге келген аттарды көлікке тиеп жатыр. Қасымда әкемнің күпәйкесі бар. Арлан деген ит бар. бір кезде төрт-бес кісі ғана қалды. Күн батты, дала қараңғы. Кішкентай баламын. Айдалада жалғыз қалдым. Түн болған кезде атты кісілер жылап отырғанымды көріп кімнің баласы екенімді сұрады. Рашидтің баласы екенімді айттым. Әзіз ағам келіп тұр. Қазір үйге апарамыз сені, шешең өлтіреді деді. Түнде жоғалып кеткенім, жалғыз қалғаным бәрі бір уақытта сейілді. Үйге барғанда анам ұрса ма деп қорықтым», – дейді Бағлан Әбдірайымов.
 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда 2020 жылдың жазында ауа райы қандай болады

Синоптиктер осы жылдың жазы мен күзіне арналған ауа райы болжамын ұсынды

42500 теңге алуға 1 млн табысы бар азаматтар да өтініш берген - Еңбек министрлігі

Осындай екі мыңға жуық азамат өтініш берген

Димаш мұқтаж отбасыларға 5 тонна азық-түлік жіберді

Әнші бұл туралы өзі аййтпаған

Еңбек министрі банкте есепшоты жоқ адамдарға 42500 теңгелік төлемді қалай алуға болатынын айтты

Министр: Банкте есепшот ашуға асықпай-ақ қойсаңыздар болады

Білім министрлігі телеарнадағы сабақтар неге 10 минутқа ғана созылатынын түсіндірді

Шолпан Каринова бейнесабақты көргеннен кейін оқушы өз бетінше жұмыс істеу үшін белгілі бір тапсырмалар алатынын айтты.

Бейресми жұмыс істеген қазақстандықтар 42500 теңгені алатын болды ма? Министр түсініктемесі

Еңбек министр: Ол үшін өз дәрежелеріңізді рәсімдеулеріңіз керек

Декреттегі аналарға 42500 теңгелік жәрдемақыға өтініш білдіруге рұқсат берілді

Министр: Балалы әйелдің декретте жатқанына бір жылдан асса, жәрдемақыға іліне алады

42500 теңге: Еңбек министрі "жаңа өзгерістер" туралы ақпаратқа түсініктеме берді

Министр әлеуметтік желі авторларының жазбасына жауап берді

42500 теңге жәрдемақыны алу үшін өтінім беруге арналған жаңа бот іске қосылды

Ол үшін Telegram мессенджеріне кіру керек

Тоқаев коронавирусты анықтайтын тест жасап шығарған қазақстандық ғалымдарды құттықтады

Тоқаев екі ғылыми орталықтың ел игілігі жолындағы жұмыстарына табыс тіледі
Çàãðóçêà...