Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Маған адамша үйленген жоқ": Баян Мақсатқызы күйеуімен бірге үйлену тойын жасағысы келетінін жасырмады

Баян Мақсатқызының күйеуіФото: https://www.instagram.com/tursenalaguzov/

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы дүркіретіп үйлену тойын жасағысы келетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі қос қызының тұсаукесер тойын өткізген еді. Енді үйлену тойын жоспарлап отыр.

"Мен той тойлап жүргенді жақсы көремін. Жаным үнемі мерекені қалап тұрады. Бүгін үйімізге барған соң таңертең тұра сала Тұрсенге "тағы да мерекелегім келіп тұр" деп еркелей аламын. Келесі жылы бірге тұрып жатқанымызға 10 жыл болады екен. Мен тұрмысқа шыққым келеді. Тұрсенге маған адамша үйленген жоқ. Мен қыз жолдастармен бірге билеп көргім келеді. Екі қызым қалыңдық көйлегімді көтеріп жүргенін қалаймын ", – дейді Баян Алагөзова.



Айта кетейік, өнерлі отбасы қыздарының тойында алғаш рет дуэт орындады. Алайда желі қолданушыларына Тұрсеннің биі ұнай қоймады. 

“Тұрсеннің биіне қараған мен ғана ма?!”, “Баян не дейді, соның айтқанымен жүреді”, ”Тұрсен өзім сияқты билейді екен. Құтты болсын", "Екеуінің бақыттан басы айналып жүр", "Қандай жағымды видео", "Тұрсен Алагөзовтің биінің өзі мейірімді ғой", – деп жазды көпшілік. 

Гүлдана Нұрлыханова
Сейсенбі, 26 Тамыз, 2025 09:41
Талқылау