Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мадоннаның сүйіктісі өзінен 35 жас кіші

Америкалық әнші Мадонна  өзінен бірнеше жас кіші биші Ахламалик Уильямспен кездесіп жүр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail сайтына сілтеме жасап.

Әншінің сүйіктісі өзінен 35 жас кіші екені анықталды. 61 жастағы әнші мен оның 26 жастағы жігітімен Майамидегі қонақүйлердің бірінде қыдырып жүрген жерлерінен суретке түсіріп алған. 

Мадоннаның жігітпен кездесіп жүргені туралы жаз айында сөз бола бастаған еді. Содан кейін әлеуметтік желіде әнші Уильямс үшін тверк билеген видеосы тарап кеткен. Мадоннаның достары оның жасына қарамастан өзінен кіші жігіттермен кездесетінін уайымдайтындарын жеткізді. 

Мадонна музыка салсындағылардың ішінде табысы ең көп әнші ретінде тізімге енген болатын. 

STAN.KZ
Сейсенбі, 17 Желтоқсан, 2019 13:42
Талқылау