Мәдина Сәдуақасова тыңдармандарының көңілін біржола қалдырды
Өзіне ғана тән қарапайымдылығымен, сұлулығымен ерекшеленіп келген Мәдина Сәдуақасова соңғы кездері тыңдармандарына ұнамай жүр. Оған себеп әншінің әртүрлі халықтардың ұлттық киімдерін киіп көруі.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Ал Таиландта демалып жатқан әншінің мына суреті желіде тіптен дау туғызды. Көпшілік иығын жалаңаштаған қазақ әншісіне ұрсып тастады. Ендігілер бүгін мұсылмандар үшін қасиетті күн жұма екенін ескертіп, ең болмағанда мұндай суреттерді басқа күні салуға кеңес берді.
“Әншілер жалаңаштана бастаған ба? Осы суретін салмай-ақ қойса да әдемі еді ғой, енді қызықсыз”, “Басыңа таққанша иығыңды жабу керек еді Мадикош”, “Одан да жалаңаш тұрып түсе салмадың ба?”, “Қазақтың еркесі Мәдина ханым тек бұл фотоны жұма күні салмаңызшы”, “Өз көзіме өзім сене алар емеспін”, “Елдің көбісі имандылыққа бет бұрып жатқанды мұның дұрыс болмады, Мәдина ханым, орамалды сән үшін тақтың ба?” “Ұят ұят, сөз жоқ, қазақ қызына кешірімсіз”, “Бүгін ғана Мәдина сондай қарапайым деп ойлам едім. Өкінішті”, – дейді ашынған желі оқырмандары.
Есте болса, бұған дейін Сәдуақасова Арабияда араб әйелдерінің, Таиландта тай ханшайымдарының киімін киіп сөгіс естіген еді. Одан бөлек, әнші қазір Таиландта 2560 жыл екенін айтып, болашақтан сәлем жолдап елді дүрліктірді.
Жіберіп алмаңыз:
БАҚ: Димаш I am a Singer жобасының үшінші кезеңінде үшінші орын алды
Меруерт пен Жадоның бесінші соты немен аяқталды?
Тәуекел Мүсілім мен Айдана Меденованың махаббат дастаны көпшіліктің талқысына түсті (видео)