Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мәдина Сәдуақасова "тізесі жоқ" суретін түсіндірді

Мәдина Сәдуақасова желіге мына бір суретті жүктеген сәтте оқырмандары оны сын астына алды. Көпшілік фотодағы жасандылықты анық байқаған. Сөзіне қарағанда, фотошопты артығымен қолданып жіберген әншінің өзі емес, фотосессияны жасаған фотограф. 

Мәдина СәдуақасоваБұл туралы НТК арнасының "Ревю" бағдарламасында айтылды. 

Аңғарымпаз оқырмандар фотода Мәдинаның тізесі жоқ болып кеткенін байқаған. 

"Өзім отырып алып, фотошоп жасамаймын. Бірақ енді фотографтар өздері дайындап береді. Мен негізі өзім де байқамаппын сол кезде. Көрермендер, оқырмандар өздері байқап, неше түрлі жазды. Ол енді фотографтың аса бір кірісіп кеткен қателігі деп ойлаймын", - дейді Мәдина.

Алғашқыда олқылықты аңғармаған Мәдина, өзі сенім артқан фотографқа бірден қоңырау шалады. Алайда, ағаттық жіберген жігіт тұтқаны көтермепті.

"Ол фотографқа мен 10 рет хабарласқан шығармын. Ол жауап бермейді. Білмеймін неге екенін... Өзімнің аяғымды орнына қойып, тізем қайда? Тіземді қоя сал, халық көріп жатыр, байқап жатыр дегендей қылып айтқым келді. Бірақ білмеймін неге жауап бермейтінін", - дейді Мәдина.

Мәдина өзімді бар қалпымда көрсетуден ұялмаймын дейді. Жұрт алдында ыңғайсыз жағдайға қалған әншінің ендігі фотографтарға қояр талабы күшейген. 

"Мен негізі өзімді қандаймын, солай көрсетуге қиналмаймын, ұялмаймын. Бірақ қатты өзгертіп тастағаны маған ұнамайды, мүлдем басқа адамға ұқсатып!" - дейді Сәдуақасова.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Çàãðóçêà...
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Әулетіміздің әйелдері Жерді кері айналдырып жібереді": Туыстары құтқару жұмыстарын жалғастыруды талап етті

Альпинистердің тағы бір туысы олардың апталап ас-сусыз жүре алатынын айтты

40 мың доллар қажет: Алматы облысында әйел ұлына көмектесуді сұрады

Дәл қазір жеткіншек Беларусь елінде емделіп жатыр

Ресейде полицейлер 22 жастағы қызды көлікте зорлап тастады: Жәбірленуші Қазақстан азаматы

Оқиға 18 тамыз күні түнде болған

Белсенді Ғалы Бақтыбаевтың өлімі: күдікті ретінде полицей ұсталды

Ұсталғандар кісі өлімі жеке келіспеушілік салдарынан болғанын мойындап, түсініктеме берді

Семейде қоғамдық екі әжетхана құны 18 млн теңгеге бағаланды

Оларды қолдану ақылы болады, алайда бағасы әзірге белгісіз

"Не жүре алмай, не сөйлей алмай қалдық": Қарағандыда 13 адам донер жеп уланды

Зиян шеккендердің арасында 10 жасар бала да бар

Атырау театрында өрттің неден шыққаны белгілі болды

Қазір театр аумағы қоршауға алынған

Үш мың грант ақылы оқуға түскендер арасында үлестіріледі — БҒМ

Грант иегерлері тізімі бір аптадан кейін жарияланатын болады

Зорлаған адамнан жүкті болған: Баласы түсіп қалғаны үшін 40 жылға соттала жаздаған бойжеткен ақталып шықты

Сальвадор елінде қандай жағдай болсын, түсік жасатуға тыйым салынады

Батыс Қазақстанда ауылдастар бір-бірінің үйіне кіріп тамақ ұрлаған

Күдікті ретінде үш жасөспірім ұсталды