Мәдина Сәдуақасова Таиланд ханшайымының киімін киіп тағы да сынға қалды (фото, видео)
Бұған дейін Бірікен Араб Әмірліктеріне барып, араб халқының ұлттық киімін киіп сөгіс естіген Мәдина Сәдуақасова тағы да сынға қалды. Бұл жолы ол Таиланд елінде тай ханшайымдарының киімін кигені үшін тыңдармандарынан сөз естіді.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Әнші қай елге барса да, сол халықтың мәдениетімен танысып, түрлі концерттерге баратынын айтты. Бұл ретте ол әдемі шоу жасай білетін тай халқын жоғары бағалады. Олардың сахналық костюмдеріне де тамсана қарап, оң бағасын берді. Тіпті, ұнатқаны соншалық тай ханшайымдарының ұлттық киімін киіп алды.
Желі оқырмандарының арасында әншінің сынап тастағандар көп болды. Көпшілік Мәдинаға өзге ұлттың киімін насихаттағаны үшін ұрысты.
Алайда Сәдуақасова жағымсыз пікірлерге мән бермейді. Бастысы, жаңа образы оның өзіне де, жолдасы Олжас Смағұловқа да ұнайды.
Жіберіп алмаңыз:
Витас: Жеке өзім сотқа барған жоқпын. Алдағы уақытта да бармаймын
Нұржан Керменбаевтың 1 жасар ұлы сәждеге бас қойды (видео)
Лаки Кесоглу: Витастың мүмкіншілігі Димаштікінің жанында түк емес
Жартылай жалаңаш трансвеститпен суретке түскен Сиви елді шошытты