"Әрқашан жанымда болды": Мәдина Сәдуақасова күйеуімен қалай танысқанын айтты (фото)
Мәдина Сәдуақасова күйеуімен қалай танысқанын айтып берді. Әнші жеке басына және вакцинаға қатысты сұрақтарға әлеуметтік желідегі парақшасында жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz.
"Иә, вакцинаның 2 компонентін алып, сәлден соң барып, антителаға анализ тапсырдым. Пайда болыпты! Мен негізі бірде бір рет covid-пен ауырмағанмын", – деді Мәдина.
Бір ұл тәрбиелеп отырған Сәдуақасова тағы да перзент сүюден үмітті. Дәл осы себептен екпе алмай жүрген әнші, карантин қайта күшейген шақта бұл ойынан айныған.
Күйеуін қызғанып билеген Мәдина Сәдуақасова елді таңғалдырды (видео)
"Қатты өршіп кетті ауру, қорықтым, үйде барлығы алды. Сосын қазір ешқандай ем-дәрі қабылдап жүрген жоқпын, кедергі жоқ, саналы түрде алдым", – дейді ол.
Сондай-ақ Мәдина өмірлік серігі Олжаспен қалай танысқанын сұрағандарға:
"Ол әрқашан жанымда болды. "Таң қалмаңыз" бағдарламасында", – деп жауап берді. Өзге қалаларға жалғыз шыққанда күйеуінің қызғанбайтынын, өзіне сенетінін атап өтті.
Журналистика факультетін бітіріп, жүргізушілікке бет бұрған әнші мақсатты түрде той жүргізбейтінін айтты. Ал концерт тізгінін ұстау Мәдинаға ұнайтын болып шықты.
Жас айырмашылығын сұрағандарға күйеуі мен өзінің туған күнін жариялап, келесіде сұрамауды өтінді.