Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәдина Сәдуақасова құрбысы Қарақат Әбілдина берген көйлекті не себепті кимей қойғанын айтты

Мәдина Сәдуақасова киім таңдау мәселесінде өзінің түйсігіне ғана сенім артатынын айтады. Тіпті, жақын құрбысы Қарақат Әбілдинаның кеңесіне көп құлақ аса бермейді екен.

20214217_446703135700305_5955754810614480896_n

Сурет: Мәдина Сәдуақасованың жеке парақшасынан алынды

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Мәдина Сәдуақасова жуырда танымал киім брендінің таныстырушысына айналды. Олар әншіге Дубайда тегін демалып, қымбат қонақ үйде орналасуды ұсынған екен. Ал әнші қайтарымына осы брендтің киімдерін ғана киіп жүруі тиіс болған-ды. Десе де, әнші көп жағдайда киім таңдауда өзінің түйсігіне құлақ асатынын айтып жатыр. Тіпті, мұндайда жақын құрбысы Қарақат Әбілдинадан да кеңес сұрамайтынын сөз етті.

“Қарақат маған түнгі сағат үште хабарласып сахнаға ұлттық киімдер киіп шығуды ұсынды. Расымен де, біз орындаған әнге қазақы костюмдер керек еді. Мен бірден келістім. Өзіммен бірге эстрадалық көйлегімді де ала бардым. Қарақат, неге екенін түсінбедім, өзінікіне ұқсайтын тағы да бір ұлттық костюм ала шыққан екен. Екеуіміздің сахнаға бірдей киімде шыққанымызды қалапты. Бірақ, мен нар-тәуекелге бара алмадым. Бұл менің шаруам. Сол себепті, ешкімнің пікіріне құлақ аса алмаймын”, – дейді Мәдина Сәдуақасова.


Жіберіп алмаңыз:

Аша Матай Жазира мен Жанболаттың бейнебаянына не себепті түспей қойғанын түсіндірді

“Ninety one” тобы: Димаштың стилі біздің ACE-тікіне ұқсайды

Баян Есентаева тағы да Алматы әкімдігіне шағымданды (видео)

Ақботаны қорғаған Ләйлә Сұлтанқызы жұрттың сынына ұшырады (фото)

Талқылау