Мәдина Сәдуақасова концертінің билеттерін 20 мыңға сатып жүргендерді көріп шошыған
Қалталарынан қыруар қаржы шашып тұрып жеке кеш өткізетін әншілер ұтады ма, әлде ұтылады ма? Бұл туралы әншілердің өздері айтып берсін.
Сурет: Мәдина Сәдуақасованың жеке парақшасынан
Бұл туралы 31 арна хабарлайды.
Сәнді сахна. Жарқ-жұрқ еткен жарықтар. Көрерменге толы зал. Бұл өзін «жұлдыз» санайтын әрбір әншінің арманы. Өнер иелерінің бірі Республика Сарайын таңдаса, енді бірі Студенттер, ал келесілері Астанадағы «Қазақстан» орталық залын жалдайды. Дегенмен, әншілер көрермен көңілінен шығу үшін барын салады. Шоу жасауда бір-бірінен асып түсуге тырысып, бәсекеге түсетіні тағы бар. Алайда, барлығы бірдей үлкен залдарда концерт бере алмайды. Себебі, бірінің қаржысы жоқ, екіншісінің репертуары жұтаң, ал үшіншісі зал толы көрермен жинай алмайды, яғни танымал емес.
Әнші Мәдина Сәдуақасова осыдан алты ай бұрын 20 жылдық мерейтойын сахнада атап өткен болатын. Ол концертке жылдар бойы дайындалыпты. Дегенмен, Мәдина думанды кешіне халықтың жиналғанына емес, билет бағасын алып-сатарлар бірнеше есе қымбат сатқанына налиды.
“Өйткені бес мың теңгенің билетін алып-сатушылар сұмдық қыруар қаржыға кенеледі екен. Менің өзімнің көз жеткенім өзімнің концертімде маған “Залың толатындай көп халық келіп тұр” деп айтты. Билет алайын десе, билет жоқ. Алып сатуышлардың қолдарында 20 мың теңгеге дейін тұр”, – дейді Мәдина Сәдуақасова.
Шоу-бизнес өкілдері концерт өткізгенде ұйымдастырушыларға жүгінеді. Сондай ұйымдастырушының бірі – Лаура Есенқұлова. Ол бірнеше жыл қатарынан танымал әншілердің кештеріне билет сатып, көрермен жинайды. Соңғы уақытта Лаура скрипкашы Жәмилә Серкебаеваның шығармашылық концертін Алматы облысында ұйымдастырыпты. Сол кезде біраз, қиындықтарға тап болыпты.
“Танымал ханым ғой деп афишада жасадық, әкімдікке де бардым, өткізе алмадым. Билетті 3 000 теңгеге қойдым. Ол кезде өтпеді билеттер. Сөздің ашығы керек, ауыл-аймақта 500 теңгеге өткіздім. Талаптарымыз болады. Билет сату. Бізге көмектесесіз билет сатасыз, концертімізге кіресіз дегендей. Қанша билет сатуды талап етесіз? Әркімге әр түрлі. 20, 50, 200 билет”, – дейді концерт ұйымдастырушы Лаура Есенқұлова.
Жіберіп алмаңыз:
Сазгерлер қажетсіз авторлық қоғамдарды жабуды талап етті
Алпамыс Шәрімов: Димаштың емін-еркін жүруі қиындап кетті
Санжар Мәдиев Пугачеваның немересінің тойына қатысты (фото, видео)
Майғазиев әйелін ең қымбат 30-қабаттағы мейрамханаға апарып тосын сый жасады