Мәдина Сәдуақасова: Қоғамдық проблема туралы фильм түсірген Қайраттың алдында бас иемін
Қайрат Нұртастың фильмі жарыққа шыға салысымен-ақ жұрттың қызу талқысына түсті. Әлеуметтік желілерде халық фильмге қатысты әртүрлі пікірлер жазуда. Көрерменнің бір тобы қоғамда айтыла бермейтін өзекті мәселені фильмге арқау еткен Қайратты мақтаса, екіншілері “зорлық-зомбылықты үлкен экранға шығарды” деп даттауда, деп жазады Stan.kz.
Бұл ретте фильмді алғаш болып тамашалаған өнер жұлдыздары да қалыс қалмады. Мәселен, Мәдина Сәдуақасова 31 арнаға берген сұхбатында өзекті проблема туралы кино түсірген Қайраттың алдында бас иетінін айтып, ағынан жарылды.
“Бұл фильм Қайраттың 10 жыл бойы құпияда ұстаған, ешқайсымызға көрсетпей жүрген, айтпай жүрген өмірі жайында бола ма деп ойладық. Мен мұндай кино күтпедім, таңғалдым. Бұл – біріншіден. Ал екіншіден, осындай қоғамдағы үлкен проблеманы қозғап, фильм түсіргені үшін мен бас иемін. Рахмет“, – деді Мәдина “Айта берсін” бағдарламасында.
Ал әнші Шахизада қатігездікке шыдай алмайтынын, сондай-ақ, фильм барысында ағыл-тегіл жылағанын айтты.
“Мен фильмнің басынан екеуінің әдемі боп келе жатқанын көріп қуанып, мейрамханадан басталатын көріністен бастап қобалжи бастадым. Қайраттың түрмеге түскендігі, Жұлдыздың қаншалықты қиналып, 4 жігіт бірдей зорлағаны, ана жерде көзімнің жасын тыя алмай отырдым. Тағы жылағым кеп тұр. Сұмдық енді. Бұл жауыздық, әлі денем дірілдеп тұр. Мұндай нәрселерге шыдай алмаймын. Өйткені жүрегім нәзік. Қатігез адамдар бар, әрине. Құдай кешірсін деп айтамыз ғой ондайларды“, – дейді Айдарбекованың жан құрбысы, әнші Шахизада.
10 жыл ішінде құпияны сары майдай сақтап үйренген Жұлдыз Әбдікәрімова болса фильмнің желісі жайлы ешкімге тіс жармаған. Тіпті жақын құрбысы Салтанат Бақаеваға да сыр білдірмепті. Бұл ретте Салтанат та таңданысын жасыра алмады.
“Жұлдызбен араласамыз, сонда шет жағасын: “Жұлдыз, не туралы кино?” деп сұраймыз. Бірақ көп айтпайды өзі. Мұндай кино болады деп еш ойламаппын. Шын мәнінде, өте өзекті мәселе ғой. Жаңалықтардан естіп жатамыз неше түрліні. Осындай үлкен мәселеге көз бұрып, сөз қозғағаны мен үшін өте дұрыс. Кино маған өте ұнады. Менің ойымша, Жұлдыз актерлік қабілетін 100% көрсетті, халық көрді деп ойлаймын“, – деді Салтанат ағынан жарылып.
Жіберіп алмаңыз:
Гүлзира Айдарбекова келінін жылдар бойы жасыруының себебін ашып айтты
Әріптестері Төреғалидің тойды тікелей эфирден көрсету идеясын сынап тастады
Алғаш рет қызын көрсеткен Қарақат Әбілдина дүйім жұртты сүйсіндірді
Лидия Каденованың келіні жас әншімен көңіл қосқан ба? (видео)