Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәдина Сәдуақасова: Күйеуімнің талабы бойынша қонаққа бармаймын, қонақ шақырмаймын

Осыдан 4 жыл бұрын тұрмысқа шыққан Мәдина Сәдуақасова күйеуінің қатал мінезі туралы бұған дейін де бірнеше мәрте айтқан еді. Мәдинаның айтуынша, күйеуі Олжас телевидение саласында жұмыс істегенімен, кадрдан тыс қалғанды қалайтын азамат. Tengrinews.kz басылымының The Эфир жобасына берген cұхбатында Мәдина күйеуінің талабы бойынша қонаққа барудан және қонақ шақырудан қалғанын ашық айтты.

“Олжастың өзі де, отбасы да у-шуды, даңғыр-дұңғыр отырыстарды аса жақсы көрмейді. Сондықтан тойға шақырту келсе, бармайтынын алдын ала айтады. Өзің бара бер дейді. Әрине, мен де күйеуіммен қол ұстасып, тойға жарқырап барғым келеді. Бірақ енді үйдегі отағасы барғысы келмесе, өзім бір барамын, екі барамын, үшіншіде ұялады екенсің. Ұятты жер болса, өзім құттықтап барып келемін. Бірақ мұны өзім де жақсы көрмеймін. Ренжимін, әрине. Бірақ енді барғысы келмесе, не істейсің?” – деп ағынан жарылды Сәдуақасова.

Әншінің айтуынша, әріптестерінің қуанышына баруға тыйым салғанымен, Олжас өз туыстарын ұмытпайды.

“Мені де ертіп апарады. Бірақ жалпы өзі көпшілік ортаны ұнатпайтын азамат. Ал ұлым мінезі жағынан маған ұқсайды. Біз көпшілміз, қонаққа барғанды, қонақ шақырғанды ұнатамыз. Екеуміз бір-бірімізді көзбен түсінеміз. Бір жаққа бару керек болса ыммен тілдесіп, жасайтынымызды жасап келеміз”, – дейді Сәдуақасова.

Қонаққа барудың өзі қиынға түскендіктен, Мәдина қонақ шақыру туралы сөз қозғаудың өзі артық екенін айтады. Бұдан бөлек, күйеуі Олжас отбасын құрған соң, Мәдинаға өткен өмірі жайлы айтуға тыйым салған көрінеді. Оның себебін Мәдина былай деп түсіндірді:

«Енді сенің алдыңда басқа отбасы, басқа өмір. Мұнда да қызықтар көп болады. Сол туралы ауыз толтырып айта берсең болады, деді. Біздің үйде ешқашан өсек айтылмайды, біреудің үйіне ешқашан кірмейміз, деді”, – деп еске алады Сәдуақасова.

“Шарт қойғыш” күйеуіммен мінезіміз жараспайды! Дәл осылай деп сырын ақтарған Мәдина Олжас Смағұловқа қалай тұрмысқа шыққанын өзі де түсінбей қалғанын айтады. Алайда әнші ештеңеге өкінбейді. Себебі бүгінде қолқанаты, көз қуанышы – өзіне ұқсаған ұлы бар.

«Барлық жағынан екі түрлі адамбыз, табиғатымыз екі түрлі. Көп нәрседе келіспей қаламыз. Бала тәрбиесінде болсын, басқа да… Мен қанша жақсы көрсем де, ұлымды кішкене қаттылау ұстағым келеді. Құлап қалса да, өзі тұрсын. Бірнәрсеге жеткісі келсе, өзі жетсін, өзі істесін. «Мама, істеп бер» дейді. Мен істемеймін. Жоқ, өзің үйрен деймін. Алдына есеп беремін, ойлансын деп. Ал Олжас керісінше, баланы қинама, ол әлі кішкентай. Сен киіндір, құлап қалса тұрғыз деп тым аса еркелетеді”, – дейді Мәдина.

Жіберіп алмаңыз: 

9 айлық ұлына орысша сөйлеп үйреткен Айдана Меденова сынға қалды (видео)

Бақытбек Есентаевтың қарындасы “Баян Сұлу” байқауына қатысып жатыр (фото)

Айман: Мұраттың толып, сахнадан көрінбей кеткеніне алаңдаймын

Мөлдір Әуелбекова Баян Алагөзованың жаңа фильміне түсуі мүмкін

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр