Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәдина Сәдуақасова: Ерке маған Азаматты "күйеуім" деп таныстырды

Азамат Зенкаев пен Ерке Есмаханның қарым-қатынасы қос жұлдыздың фанаттарын ғана емес, өнердегі әріптестерін де таңғалдырған. Мәселен, Мәдина Сәдуақасова мұны елдің назарын қарату үшін продюсерлердің жасаған айласы деп ойлапты. Алайда уақыты келгенде шындыққа көзі жеткен әнші қатты таңырқағанын жасырмады. Бір қызығы, Ерке әріптестеріне Азаматты "өмірлік серігім" деп таныстырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Paparazzi бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Басында екі жақтың продюсерлері келіскен шығар, Қазақстанға да келген шығар деп ойладым. Бірақ, білуімше, Еркеде продюсер жоқ, Азамат та топтан кетті. Соған қарап, мүмкін, шынайы сезім шығар деп қалдым.

Ал екеуін бір жобада бірге көргенде түсіндім. Азамат кәдімгідей Еркені қолдап, демеп, көмектесіп тұрады. Сол жылылықты көргеннен кейін "а-а-а" дедім. Ерке "Мәдина, мына жігіт менің күйеуім" деп таныстырды. 
Мен екеуі енді жүріп жатыр дегенді естігендіктен, таңғалып қалдым", - деп ағынан жарылды ол.

Мәдина Сәдуақасова соңғы кездері образбен тәжірибе жасап, фанаттарын таңғалдырып жүр. Бұған қатысты:

"Ойға қонымсыз шаш үлгісін жасадым. Өзім жақсы көріп, үйреніп қалдым", - дейді.



Әншінің бойындағы бұл өзгерісті көпшілік жеке өмірімен байланыстырып жатыр. Алайда Мәдина күйеуімен қарым-қатынасы жақсы екенін жеткізді.

"Біріншіден, пандемия бітті. Шығармашылық адамның іште жатқан толқынысы, шабыты шықты. Тек шаш үлгісі мен фототүсірілімдер емес, жаңа альбом да шықты. 

Ал жеке өмірімде ешқандай өзгеріс жоқ, бәрі баяғыдай. Жолдасым жұмыста", - деді әнші. 

Талқылау