Мәдина Сәдуақасова екі көзі көрмейтін әнші қызға продюсер болмақ (видео)
Мәдина Сәдуқасованың алғашқы ән кеші жаңалықтарға толы болды. 20 жыл сахна төрінде ән салып жүрген қазақтың ерке де сұлу әншісі бұл концертке жарты жыл дайындалған. Шамамен 100 мың АҚШ доллары көлемінде ақша жұмсаған, деп хабарлайды Stan.kz.
Концерт барысында әнші Мейрамбек Беспаевпен дуэт жаздырып, арманына қол жеткізді. Ресей әншісі Александр Панайотов Мәдинамен бірге қазақтың халық әні «Япурайды» орындады. Одан бөлек, Мәдина Сәдуақасова көру қабілетінен айырылған Гүлхая есімді қыздың үлкен сахнаға шығуына себепші болды. Онымен бірге ән орындап, тыңдармандардың жүрегін елжіретті. Әнші алдағы уақытта мүмкіндігі шектеулі талантты қызға қол ұшын беріп, продюсерлік ететінін мәлімдеген. Бұл туралы Мәдинаның құрбысы, айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева желідегі парақшасында жазды:
“Қазақстан дауысы” жобасына қатысып, еш сарапшының тобына қосыла алмаған, екі көзі бірдей көрмейтін Гүлxая дейтін әнші қыз кімнің есінде? Кеше Мәдинаның концертінде дауысын тыңдап көзімнің жасын тоқтата алмадым. Алла бағынды ашсын алтыным! Мәдина Сәдуақасова бұдан кейін өзінің осы қызға продюсер болатынын жеткізді. Алла разы болсын жаным».
Желі қолданушылары Мәдинаның бұл әрекетін ерлікке теңеді. Ал Гүлхаяны тыңдармандар ресейлік әнші Диана Гурцкаяға теңеумен болды.
«Даусы керемет. Гүлхаяның жұлдызы жанады болашақта», «Мәдинаның адамгершілігі мол, қарапайым», «Мәдина, Алла разы болсын. Ақ пейілділігің үшін сені халқың жақсы көреді», «Өте әдемі», – деп пікір білдірді олар.
Жіберіп алмаңыз:
Аналарына ән арнаған “RinGo” тобы тыңдармандарын жылатты (фото, видео)
Баян Мақсатқызы: Мен бұрынғы күйеуіммен дос болып қалғым келеді (видео)
Ата-анасы Серік Ибрагимовтің үйленетінін теледидардан естіген