Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәдина Сәдуақасова анасын Дубайға апарамын деп ауыртып алған

Мәдина Сәдуақасова жаңа жылдық демалысын Біріккен Араб Әмірліктерінде өткізуде. Әнші онда анасымен және ұлымен бірге барған, деп хабарлайды Stan.kz.

мадина розовое платье

Алайда шетелдегі демалыс Сәдуақасованың ет жақындарына ұнамаған ұқсайды. Сапар кезінде әншінің анасының қан қысымы көтерілсе, ұлы әкесін сағынып жылаған. Бұл туралы Сәдуақасова желідегі парақшасында жазды.

“Дубайға өзімнің мамамды, Сарсен апамды және ұлым Әнуарды Араб Әмірлігінің ең әсем қаласын көрсін деп қыдыртып әкелген едім. Бірақ, демалыстың бірінші күнінде “Сафари” деген экскурсияға апарам деп осы күндері мамаларымның жүрек қысымының қалпына келтіруімен әлек болдық (Аллаға шүкір, қазір жақсы) оның үстіне балам әр сағат сайын “үйге қашан қайтамыз, әкеге” деп мазамды алды. Екі күннен кейін қайтамыз”, – дейді Сәдуақасова. 


Желі оқырмандары әншінің демалысының ойдағыдай аяқталуын, жақындарымен бірге елге аман-есен оралуын тіледі.

Жіберіп алмаңыз:

Баян Есентаева туған күнін қалай атап өтті (фото, видео)

Нұржан Керменбаев: Алғашында келіншегімнің есі дұрыс емес екен деп ойладым

Нұртас Адамбай уақытша тіркеу туралы әзілдеді

Ерке Есмахан үнді актеріне хат жазбақ

 

Талқылау